Қашаннан бастап тұрғын үй кезегіне тұру өтініші Отбасы банкінде қабылданады

© Sputnik / Владислав ВодневОтбасы банк. Вывеска
Отбасы банк. Вывеска - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2024
Жазылу
Банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыруды жалғастырып, барлық қазақстандыққа қолжетімді несие береді
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Отбасы банкінің Ұлттық даму институтына өту уақыты алты айға созылады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Өту кезеңінде:
Әкімдіктер тұрғын үй кезегін банктің қарауына өткізеді.
Банк "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" ақпараттық жүйесін іске қосады.
24 мамырдан бастап азаматтардың тұрғын үй кезегіне тұру туралы өтініші Отбасы банкінде қабылданады.
Оған дейін жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй кезегіне қою операцияларын жалғастырады.

Қазір не жасалды және не өзгереді

Банк көптеген мемлекеттік дерекқорлармен біріктірілді және болашақта олардың саны ұлғайтылады. Бұл "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" жүйесіне келесі деректерді автоматты түрде тексеруге мүмкіндік береді:
өтініш берушінің тұрғын үйінің бар-жоғы;
отбасы жағдайы;
тұрғын үйге мұқтаж мәртебесі мен санаты;
басқа да мәліметтер.
Автоматтандыру тұрғын үйге кезекке қоюдың, тұрғын үйді бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және адами фактордың әсерін жояды.

Отбасы банк Ұлттық даму институтына айналғаннан кейін қалай жұмыс істейді

Банк екінші деңгейлі банк мәртебесін сақтап, ҚР Ұлттық банкі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің реттеуінде қалады.
Банк салымшылары Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының депозиттерді кепілдендіру жүйесінің қорғауында қалады, бұл жинақтардың тұрақтылығы мен қаражаттың сақталуын қамтамасыз етеді.
Банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыруды жалғастырып, барлық қазақстандыққа қолжетімді несие береді.
Сондай-ақ мына бағыттар сақталады:
1.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында кезекте тұрған азаматтарға жеңілдетілген несиелер беру.
2.
Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге төлемақының бір бөлігін субсидиялау механизмі.
Жаңалықтар
0