Павлодар облысында агробизнеске 190 млрд теңге инвестиция салынды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2024
Жазылу
32 инвестициялық жоба іске қосылды, онда 500-ден астам жұмыс орны ашылды
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Павлодар облысында жыл басынан бері агробизнеске 190 млрд теңгеден астам инвестиция салынды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен екі есе жоғары. Бұл жайлы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ОКҚ алаңында айтты.
Оның хабарлауынша, 32 инвестициялық жоба іске қосылды, онда 500-ден астам жұмыс орны ашылды, агроөнеркәсіптік кешен өнімінің өсуі +21% немесе 372 млрд теңгеден асты. Өңірдің жалпы егіс алқабы 1,6 млн гектарды құрады. Егіннің 100%-ы жиналды.
"Өткен маусым қиын, бірақ нәтижелі болды. Рекордтық 1 млн тоннадан астам астық жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Кешенді мемлекеттік қолдаудың арқасында суармалы жерлердің алқабы 179 мың гектарға жетті", – деді өңір басшысы.
Агроөнеркәсіптік кешенін қарқынды дамыту және әртараптандыру әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына да жақсы әсер етуде.
"Соңғы мәліметтерге сәйкес, өңірдегі бағалар азық-түлік тауарларының 16 позициясы бойынша орташа республикалық мәндерден төмен, ал 8 позиция бойынша ең төмен бағамен ТОП-5 өңірге кіреді", - деп толықтырды Байханов.
Павлодар өңірінде әлеуметтік салаға облыстық бюджеттің барлық қаражатының 52%-ы жұмсалады, бұл аталмыш саланың жоғары әлеуметтік маңыздылығын көрсетеді. Жұмыссыздықтың салыстырмалы төмен деңгейін, яғни 4,7%-дан аспайды. Бұған 26 мың жаңа жұмыс орнын құру әсер етуде. Өңір бойынша орташа айлық жалақының мөлшері 360 мың теңгеден асты, 9 айдағы өсімі 14% артық.
Жаңалықтар
0