ЕАЭО-ның Даму декларациясын іске асыратын "жол картасы" әзірленіп жатыр

© Sputnik/Ертай СарбасовФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақтың 2030 жылға және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған Даму декларациясын іске асыратын "жол картасы" әзірленіп жатыр. Бұл құжат ЕАЭО елдері азаматтарының мүддесіне сай келеді, деп хабарлады ЕЭК интеграция және макроэкономика министрі Эльдар Әлішеров.
Министр "ЕАЭО кеңістігіндегі ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттары мен басымдықтары" атты дөңгелек үстелде сөз сөйледі.
Ол еуразиялық интеграцияның маңызды нәтижелеріне, күн тәртібіндегі негізгі бағыттарға тоқталды, сондай-ақ осы декларацияны жүзеге асыру үшін "жол картасын" дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
"Бүгінгі таңда комиссия одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп, "жол картасын" дайындау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Біз ЕАЭО елдері азаматтарының мүддесіне сай келетін қолданбалы және тиімді құжат дайындай алатынымызға сенімдімін", - деп мәлімдеді Әлішеров.
Встреча председателя Коллегии ЕЭК Сагинтаева и главы Нацбанка Казахстана Сулейменова - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2024
ЕАЭО мен Қазақстанның Ұлттық банкі ортақ қаржы нарығын қалыптастыруға ниетті
Жаңалықтар
0