https://sputnik.kz/20241125/asker-ushqyshsyz-basqarylatyn-aviatsiyalyq-zhuyelerimen-zharaqtandyrylyp-zhatyr----ministr-48784765.html
Әскер ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерімен жарақтандырылып жатыр - министр
Әскер ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерімен жарақтандырылып жатыр - министр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 25.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-25T13:20+0500
2024-11-25T13:20+0500
2024-11-25T13:20+0500
қорғаныс министрлігі
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/19/48784417_77:0:1137:596_1920x0_80_0_0_51a5555b012137d004452228a3ee3b08.jpg
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.Руслан Жақсылықов қорғаныс ведомствосының биылғы атқарған қызметі туралы есеп берді.Қорғаныс министрі:Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бітімгерлік контингентінің БҰҰ аясында Голан жоталарында атқарып жатқан қызметі маңызды екенін атап өтті.Кездесу соңында Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге отандық қорғаныс кәсіпорындарымен өзара ықпалдастықты жандандыру, аумақтық қорғаныс пен арнайы операция күштерін дамыту, әлеуметтік-құқықтық жұмысты күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
https://sputnik.kz/20240908/qorganys-ministrligi-sarbazdyn-qazasyna-qatysty-malimdeme-zhasady-46859627.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/19/48784417_240:0:1035:596_1920x0_80_0_0_ffd3866551045eea712c96bcb730a209.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қорғаныс министрлігі, қасым-жомарт тоқаев
қорғаныс министрлігі, қасым-жомарт тоқаев
Әскер ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерімен жарақтандырылып жатыр - министр
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Руслан Жақсылықов қорғаныс ведомствосының биылғы атқарған қызметі туралы есеп берді.
бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен қарулы күштер қатарына күзгі шақыру науқанының нәтижелері, сондай-ақ әскери қызметтегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыруға бағытталған шаралар жөнінде баяндады;
армияның жауынгерлік әлеуетін кезең-кезеңімен көтеру және әскерді даярлаудың жаңа тәсілдеріне көшу мәселелеріне айрықша назар аударылғанын айтты;
мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу барысын жеткізіп, әскердің қару-жарақ пен техниканың жаңа үлгілерімен, атап айтқанда, ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерімен, радиоэлектрондық күрес кешендерімен жарақтандырылып жатқанын хабардар етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бітімгерлік контингентінің БҰҰ аясында Голан жоталарында атқарып жатқан қызметі маңызды екенін атап өтті.
Кездесу соңында Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге отандық қорғаныс кәсіпорындарымен өзара ықпалдастықты жандандыру, аумақтық қорғаныс пен арнайы операция күштерін дамыту, әлеуметтік-құқықтық жұмысты күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.