Шымбұлақтың арқанжолында адамдар тұрып қалса, қалай құтқарылады – видео

© Sputnik /Камшат АбдирайымМеста отдыха в Алматы
Места отдыха в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Алматылық құтқарушылар Шымбұлақтың арқанжолында адамдар тұрып қалса, қалай төмен түсірілетінін көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқу-жаттығу сценарийі бойынша апаттық жағдайда электр энергиясы сөніп қалады. Сол кезде Шымбұлақтың арқанжолы істемей қалды. Ал кабиналарда демалуға келген адамдар қалып қояды.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті оқу-жаттығулар кезінде түсірілген видеоны да жариялады. Құтқарушылар арқанжолда қалып қойған адамдарды алып шығу үшін алдымен бағанамен жоғары көтеріліп, темір арқанның бойымен кабинаға жетіп алады. Одан кейін ішінде қалып қойған адамдарды өз арқандарымен жерге түсіреді.
Айта кетері, бүгін алматылық құтқарушылар метроның "Сайран" станциясындағы өртті сөндіру бойынша да оқу-жаттығу өткізді. Тактикалық жоспарға сәйкес, электр сымдарының қысқа тұйықталуынан апат болып, әрі қарай диспетчерлік басқарудың автоматты жүйесінде өрт шықты, қосымша байланыс рельстерін ажырату нәтижесінде "Мәскеу" және "Сайран"метро станциялары арасындағы туннельде жылжымалы құрам тоқтатылды.
Жаңалықтар
0