https://sputnik.kz/20241124/qazaqstannyn-basym-boliginde-aua-rayyna-baylanysty-eskertu-zhariyalandy--48776683.html
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазгидромет республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 24.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-24T20:48+0500
2024-11-24T20:48+0500
2024-11-24T20:48+0500
ауа райы
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/16/41122980_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_72a8f2d89896c6e0c0316f34a31e8e51.jpg
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазгидромет республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгін түнде Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні секундына 15 метрге дейні жетеді. Ал Алматы қаласында 25 қарашада түнде және таңертең тұман түседі."Өскемен қаласында 24 қараша сағат 20.00-ден 25 қараша сағат 20.00-ге дейін күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту сақталады", - делінген ресми хабарламада.Қолайсыз метеорологиялық жағдай бойынша тура сондай ескерту Риддер мен Семейде сақталады.25 қарашада түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.Ал Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында үш күн қатарына тұман түседі. 25 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. Тараз қаласында 25-27 қарашада кей уақытта тұман күтіледі.Бұдан бөлек, 25 қарашада Абай облысының батысы мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Ақмола облысының батысында, сондай-ақ, Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.Ертең Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығы мен шығысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының оңтүстік-батысында қатты жел болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/16/41122980_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_07f4673e635209321e7bc5cbac73ea1c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазгидромет республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бүгін түнде Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні секундына 15 метрге дейні жетеді. Ал Алматы қаласында 25 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.
"Өскемен қаласында 24 қараша сағат 20.00-ден 25 қараша сағат 20.00-ге дейін күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту сақталады", - делінген ресми хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай бойынша тура сондай ескерту Риддер мен Семейде сақталады.
25 қарашада түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
Ал Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында үш күн қатарына тұман түседі. 25 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. Тараз қаласында 25-27 қарашада кей уақытта тұман күтіледі.
Бұдан бөлек, 25 қарашада Абай облысының батысы мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Ақмола облысының батысында, сондай-ақ, Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
Ертең Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығы мен шығысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының оңтүстік-батысында қатты жел болады.