https://sputnik.kz/20241124/qazaqstan-mobildi-interneti-en-arzan-10-eldin-qataryna-endi-48636332.html
Қазақстан мобильді интернеті ең арзан 10 елдің қатарына енді
Қазақстан мобильді интернеті ең арзан 10 елдің қатарына енді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстан мобильді интернеті арзан елдердің қатарына еніп, 10-шы орынға жайғасты. Бұл туралы Finprom.kz сайты MoneySuperMarket-тің... 24.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-24T09:09+0500
2024-11-24T09:09+0500
2024-11-24T09:09+0500
интернет
https://sputnik.kz/img/10/56/105673_0:100:1920:1180_1920x0_80_0_0_8ae57938b967ede5603651f3d65020d6.jpg
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстан мобильді интернеті арзан елдердің қатарына еніп, 10-шы орынға жайғасты. Бұл туралы Finprom.kz сайты MoneySuperMarket-тің жаңа зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады.Қазақстанда бір гигабайт мобильді интернеттің орташа құны 0,59 АҚШ долларын (шамамен 300 теңге) құрады. Интернет құны ең арзан 10 елдің қатарына Қазақстаннан басқа Израиль, Қырғызстан, Италия, Бангладеш, Пәкістан, Шри-Ланка, Үндістан, Индонезия және Франция кірді.Ал мобильді интернеті ең қымбат елдер ондығына: Швейцария, Замбия, Жаңа Зеландия, Андорра, Сейшел аралдары, Канада, Оңтүстік Корея, БАӘ, Багам аралдары және Норвегия кіреді.Бұл жерде тағы бір жайтты атап өткен жөн. Егер бір гигабайттың құны бойынша есептейтін болсақ, мысалы, Қазақстан тұрғындары үшін 20 ГБ мобильді интернет 11,8 АҚШ долларын (немесе шамамен 5800 теңгені) құрайды. Алайда іс жүзінде интернет пен қоңыраулар ескерілгенде, неғұрлым арзан тарифтік ұсыныстар мен қызметтер пакетін табуға болады.Ал АҚШ-та тұрғындар үшін дәл осы 20 ГБ мобильді интернет 105,4 АҚШ долларын, Норвегияда — 106,6 АҚШ долларын, БАӘ-де — 115,2 АҚШ долларын, Оңтүстік Кореяда — 119,6 АҚШ долларын, Жаңа Зеландияда — 133,6 АҚШ долларын, Швейцарияда — 142,4 АҚШ долларын құрайды.
https://sputnik.kz/20241112/qazaqstanda-eki-zhylda-internet-alayaqtyq-isterinin-sany-270-ga-osti--zhogargy-sot-48453840.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/10/56/105673_107:0:1814:1280_1920x0_80_0_0_ebe3273c7471b589282d2689f58c0a17.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
интернет
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстан мобильді интернеті арзан елдердің қатарына еніп, 10-шы орынға жайғасты. Бұл туралы
Finprom.kz сайты MoneySuperMarket-тің жаңа зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады.
Қазақстанда бір гигабайт мобильді интернеттің орташа құны 0,59 АҚШ долларын (шамамен 300 теңге) құрады. Интернет құны ең арзан 10 елдің қатарына Қазақстаннан басқа Израиль, Қырғызстан, Италия, Бангладеш, Пәкістан, Шри-Ланка, Үндістан, Индонезия және Франция кірді.
"Қарастырылып отырған рейтингте Қазақстан Беларусь (13-ші орын), Түркия (17-ші орын), Өзбекстан (20-шы орын), Қытай (23-ші орын), Армения (29-шы орын), Әзербайжан (75-ші орын) және басқа да елдерді артта қалдырды", - деп жазылған хабарламада.
Ал мобильді интернеті ең қымбат елдер ондығына: Швейцария, Замбия, Жаңа Зеландия, Андорра, Сейшел аралдары, Канада, Оңтүстік Корея, БАӘ, Багам аралдары және Норвегия кіреді.
Бұл жерде тағы бір жайтты атап өткен жөн. Егер бір гигабайттың құны бойынша есептейтін болсақ, мысалы, Қазақстан тұрғындары үшін 20 ГБ мобильді интернет 11,8 АҚШ долларын (немесе шамамен 5800 теңгені) құрайды. Алайда іс жүзінде интернет пен қоңыраулар ескерілгенде, неғұрлым арзан тарифтік ұсыныстар мен қызметтер пакетін табуға болады.
Ал АҚШ-та тұрғындар үшін дәл осы 20 ГБ мобильді интернет 105,4 АҚШ долларын, Норвегияда — 106,6 АҚШ долларын, БАӘ-де — 115,2 АҚШ долларын, Оңтүстік Кореяда — 119,6 АҚШ долларын, Жаңа Зеландияда — 133,6 АҚШ долларын, Швейцарияда — 142,4 АҚШ долларын құрайды.