Ақтөбе облысында көктемгі су тасқыны кезінде пара алған шенеунік сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2024
Жазылу
Сотта шенеунік өз кінәсін толығымен мойындады
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Биыл көктемгі су тасқыны кезінде барлығы жабылып, зардап шеккен халыққа көмектескен. Ал Ақтөбе облысында шенеунік осы жағдайды пайдаланып, мердігерлерден пара алды. Сол үшін сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Диапазон" порталына сілтеме жасап.
Ойыл ауданында су тасқынынан біраз үйге зақым келді, жолдарды да қайта жөндеуге тура келді. Сол уақытта аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Айнат Қазмағамбетов қызметтік өкілеттілігін пайдалануға шешім қабылдаған. Шенеунік осы қызметке биыл 11 наурызда тағайындалды. Содан бір ай өтпей, жемқорлыққа барған.
Көктемгі су тасқыны кезінде ауданда электр желілер мен жолдар бұзылды. Төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті билік шығынды есептеу үшін жеке меншік компанияны шақырды. 5 сәуірде құрылыс басқармасы онымен келісімшарт рәсімдеген. Ал Қазмағамбетов келісім жасағаны үші мердігер компаниядан 100 мың теңге талап етті. Компания басшысы өз ақшасын алғаннан кейін шенеуініктің "рақметін" аударып жіберді.
Жазда бөлім басшысы тағы компаниядан пара талап еткен. Бірақ осы жолды келісімшарт сомасының 10 процентін сұрады. Тамыз айында Қазмағамбетовтың есепшотына тағы 500 мың теңге түсті.
Сотта пысықай шенеунік өз кінәсін толығымен мойындады. Прокурормен процессуалдық келісімге келді. Судья оған 21 миллион теңге көлемінде айыппұл салуға үкім шығарды. Оған қоса, мемлекеттік қызметте өмір бойына жұмыс істеуге тыйым салынды.
Пара берген мердігер компания басшысы да жауапқа тартылды. Кәсіпкер 10 миллион теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттелді.
Жаңалықтар
0