2025 жылы аштықпен күресуге 17 млрд доллар қажет – БҰҰ

© AP Photo / Mackenzie Knowles-CoursinАфрикалық бала
Африкалық бала - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2024
Жазылу
Бүгінде 74 мемлекетте 343 миллион адам тойып тамақ ішпейді
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. 2025 жылы әлемдегі аштықпен күресуге 17 миллиард доллар қажет. Бұл қаражат 120 миллионнан аса адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. БҰҰ өкілдері осылай дейді.
Бүгінде 74 мемлекетте 343 миллион адам тойып тамақ ішпейді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 10%-ке көп. Соның 2 миллионына аштық қаупі төнген. Дені – Газа секторы, Судан, Гаити, Йемен, Сирия мен Мали тұрғындары, деп хабарлады 24.kz.
Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдерінің хабарлауынша, әскери қақтығыстар мен экономикалық дағдарыс кесірінен гуманитарлық көмекке деген қажеттілік арта бастаған. Осыған байланысты мамандар халықаралық қауымдастықты шұғыл шаралар қабылдауға және гуманитарлық бағдарламаларды қаржыландыруды ұлғайтуға шақырып отыр.
Жаңалықтар
0