Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды

© Sputnik / Владислав ВодневАкадемия правоохранительных органов
Академия правоохранительных органов - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында алаяқтық жасады деген күдікпен прокуратура қызметкері ұсталды, деп хабарлады Бас прокуратура.
"2024 жылғы 23 қарашада Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҰКК қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде прокуратура қызметкері алаяқтық күдігімен ұсталды", - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп тексеруді Бас прокуратураның арнайы прокуроры жүргізеді.
Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жариялануға жатпайды.
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2024
Маңғыстау облысында кісі өлтірген экс-прокурор 8 жылға сотталды
Жаңалықтар
0