Шымкент тұрғындарының жалақысын көтеруге жергілікті бюджеттен 10 млрд теңге бөлінді

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, монеты
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Жұмыс орындарын құрып, халық табысының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп отыр, деді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков баспасөз конференциясында.
Өңірдегі белсенді жұмыс істейтін азаматтар саны 468 мыңнан асты. Биыл жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында, жұмыспен қамту шараларына 45 мыңнан астам адам тартылып, 32 мыңға жуығы тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жұмыспен қамту және мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 30%-ға пайызға азайды. Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 4,9%-дан 4,8 %-ға төмендеді.
"Экономикалық көрсеткіштердің өсімі халықтың өмір сапасына тікелей әсер етіп отыр. Өздеріңіз білетіндей, Шымкент қаласы жалақы мөлшері төмен өңірлер қатарына жатады. Осы ретте, өңірдегі жалақыны арттыру бағытында жүйелі шаралар қабылдап, жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жергілікті бюджеттен 15 мыңға жуық еңбекақысы төмен азаматтық қызметшілердің жалақысын қосымша 50 мың теңгеге көтердік. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 10 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық бюджеттік қызметкерлердің жалақысы 140 мың теңгеден асты. Қазіргі таңда, өңірдегі орташа жалақы көлемі 12,5 %-ға өсіп, 304 мың теңгеге жетті", – деді спикер.
Шымкентте шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда оң өзгерістер байқалады. Бұл бағыт қала экономикасының негізі болып табылады. Нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 136 мыңнан асып, онда жұмыспен қамтылғандар саны 226 мыңға жетті. Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлікпен өндірілген өнім көлемі қала экономикасының 56%-ын құрап отыр. Биыл кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына 23,5 млрд теңге қаралып, есепті кезеңде 15,5 млрд теңгені құрайтын 3 734 жобаға қолдау көрсетілді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2024
Шымкентте жемқорлыққа белшеден батқан салалар анықталды
Жаңалықтар
0