https://sputnik.kz/20241123/qazmunaygaz-ben-tatneft-algashqy-izdeu-ungymasyn-burgylauga-kiristi-48758797.html
"ҚазМұнайГаз" бен "Татнефть" алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға кірісті
"ҚазМұнайГаз" бен "Татнефть" алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға кірісті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Атырау облысындағы Қаратон Подсолевой учаскесінде орналасқан ұңғыманы 5500 метр тереңдікке бұрғылайды, деп хабарлайды Sputnik... 23.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-23T20:50+0500
2024-11-23T20:50+0500
2024-11-23T20:50+0500
қазмұнайгаз
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/17/48755880_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_4fced9ea9c9d878185fa16f94ce36874.jpg
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Атырау облысындағы Қаратон Подсолевой учаскесінде орналасқан ұңғыманы 5500 метр тереңдікке бұрғылайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.Ресми шараға "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшысы Асхат Хасенов пен "Татнефть" ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов қатысты.Ал Маганов бүгінгі іс-шара екі жақты табысты серіктестіктің жарқын көрінісі екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Қаратон Подсолевой учаскесінің әлеуеті зор.Қаратон Подсолевой учаскесі Теңіз ірі кен орны мен "Ембімұнайгаз" компаниясының кен орындарына жақын орналасқан. Оны күрделі кен орындарының инвестициялық тартымдылығын едәуір арттырған модельдік келісімшарт аясында игеруге кірісті. Бұл механизм жер қойнауының күрделі учаскелерін барлау және игеру үшін жағдай жасай отырып, маңызды реттеуші және фискалды преференцияларды ұсынады.
https://sputnik.kz/20230609/mangystauda-munay-ungymasy-otqa-orandy-35809429.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/17/48755880_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_c7f2b8b455002c04574db38468aaec56.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазмұнайгаз
"ҚазМұнайГаз" бен "Татнефть" алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға кірісті
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Атырау облысындағы Қаратон Подсолевой учаскесінде орналасқан ұңғыманы 5500 метр тереңдікке бұрғылайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық компанияның
ресми сайтына сілтеме жасап.
Ресми шараға "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшысы Асхат Хасенов пен "Татнефть" ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов қатысты.
"Қаратон Подсолевой учаскесінде алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауды бастау — Қазақстанның ресурстық базасын нығайтуға жасалған маңызды қадам. Бұл жоба біздің қор көлемін ұлғайту және жер қойнауының күрделі учаскелерін игеруге бағытталған стратегиялық міндеттерімізге сай келеді. "Татнефть" компаниясымен бірлескен күш-жігеріміз нәтижелі болып, еліміздің мұнай-газ саласындағы әлеуетін арттыруға үлес қосатынына сенімдіміз", — деді Хасенов.
Ал Маганов бүгінгі іс-шара екі жақты табысты серіктестіктің жарқын көрінісі екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Қаратон Подсолевой учаскесінің әлеуеті зор.
Қаратон Подсолевой учаскесі Теңіз ірі кен орны мен "Ембімұнайгаз" компаниясының кен орындарына жақын орналасқан. Оны күрделі кен орындарының инвестициялық тартымдылығын едәуір арттырған модельдік келісімшарт аясында игеруге кірісті. Бұл механизм жер қойнауының күрделі учаскелерін барлау және игеру үшін жағдай жасай отырып, маңызды реттеуші және фискалды преференцияларды ұсынады.