Жетісу облысында тепловоз машинистері дизель отынын ұрлағаны үшін сотталды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2024
Жазылу
Қылмыстық топ "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-ға 16 млн теңгеден астам сомаға залал келтірген
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Бас көлік прокуратурасы және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-мен бірлесіп, Жетісу облысының Бескөл станциясында тепловоз машинистерінен құралған қылмыстық топты құрықтады.
Күдіктілер бірнеше жыл бойы пойыз диспетчерлерімен қылмыстық келісімге келіп, тепловоздардан жанар-жағармай материалдарын құйып алу арқылы дизель отынын ұрлаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық топ ұрлықтың 45 эпизодында әшкереленіп, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-ға 16 млн теңгеден астам сомаға залал келтірген.
Жетісу облысы Алакөл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды.
Жаңалықтар
0