Павлодар облысында бір үйдің екі баласы зорланған

© Photo : РixabayДевушка смотрит в окно
Девушка смотрит в окно - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Майқайың кентінде кәмелетке толмаған ағасы мен қарындасы зорланды. Аталған фактіні Павлодар облыстық білім басқармасы растады.
Жасөспірім қыз колледж студенті, ал ағасы мектепте оқиды.
"Құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған колледж студентіне қатысты зорлық-зомбылық фактісін тергеу барысында оның ағасына қатысты фактіні анықтады", - делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері оларға психологиялық көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.
Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.
"Кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу барысы Павлодар облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Павлодар облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың өсуіне байланысты Майқайын кентінде көшпелі жедел кеңес өткізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары, полиция Департаменті басшысының орынбасары, Баянауыл ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы, Білім беру және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, сондай-ақ аудан колледждері мен мектептерінің директорлары қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша уәкілетті органдардың жұмысындағы жүйелі кемшіліктер анықталып, жекелеген қызметкерлерге қатысты қызметтік тексерулер басталды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2024
Игорь Лепеха: Кастрация мәселенің шешімі емес, өйткені педофилия – бастың проблемасы
Жаңалықтар
0