https://sputnik.kz/20241122/ludomanimen-kures-elordada-meditsinalyq-komek-korsetu-boyynsha-belsendi-zhumys-zhurip-zhatyr-48723466.html
Лудоманиямен күрес: елордада медициналық көмек көрсететін орталықтар қайда орналасқан
Лудоманиямен күрес: елордада медициналық көмек көрсететін орталықтар қайда орналасқан
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Лудоманияға әуестік, әсіресе жастар арасында кеңінен тарап, өткір әлеуметтік мәселеге айналып барады. Астана қаласының... 22.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-22T08:36+0500
2024-11-22T08:36+0500
2024-11-22T09:22+0500
құмар ойын
букмекерлік кеңсе
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1c/43256607_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_0ced5c1f2269a4986fd6f07f29a01976.jpg
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Лудоманияға әуестік, әсіресе жастар арасында кеңінен тарап, өткір әлеуметтік мәселеге айналып барады. Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Төлеуова елордада осы мәселе бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтып берді.Спикердің айтуынша, 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қалалық психикалық денсаулық орталығында "Құмар ойындарға патологиялық әуестік" диагнозымен тек екі пациент тіркелген. Ал жалпы Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 12 адамды құрайды.Оның айтуынша, лудоманиямен күрес барысында тәрбие мен түсіндіру шараларына ерекше назар аудару керек."Лудомания – жеке адамның ғана емес, қоғамның да мәселесі. Біз алдын алу және емдеу бойынша тұрақты жүйені қалыптастыру үшін мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және қоғамның күш-жігерін біріктіруіміз керек. Әсіресе, құмар ойындарға бейім жастарға ерекше назар аудару қажет", – деп атап өтті Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.Сөз арасында медициналық ұйымдар лудомания диагнозын қою және медициналық көмек көрсету жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқанын айтты. Дегенмен, құмар ойындармен психологиялық және медициналық мәселелер бойынша азаматтар аз жүгінеді. Лудоманияға қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін диагноз қою мен емдеудің клиникалық хаттамалары әзірленіп, медициналық мекемелер мен қоғамға арналған профилактикалық шаралар енгізілді.Лудоманияның негізгі белгілері:Астана қаласындағы №2, 4, 6, 8, 9, 10, 14 емханалар мен Қалалық психикалық денсаулық орталығының (психоблок және наркоблок) базасында 9 бастапқы психикалық денсаулық орталығында учаскелік дәрігер-психиатрлар мен наркологтар қабылдау жүргізеді. Ем алушылардың жеке деректері мен ақпараттары құпиялылық талаптарына сай қатаң түрде сақталады. Азаматтар анонимді түрде көмек ала алады.Сондай-ақ, сенім телефоны арқылы қажетті ақпараттар мен кеңестер алуға болады. Телефон: 547603.
https://sputnik.kz/20241029/oyyn-biznesi-litsenziyasy-zhoq-internet-resurstar-tizimi-zhanartyldy-48141115.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1c/43256607_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_73d82fea9c83502c6bda3a6379e77736.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құмар ойын, букмекерлік кеңсе
құмар ойын, букмекерлік кеңсе
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Лудоманияға әуестік, әсіресе жастар арасында кеңінен тарап, өткір әлеуметтік мәселеге айналып барады. Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Төлеуова елордада осы мәселе бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтып берді.
Спикердің айтуынша, 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қалалық психикалық денсаулық орталығында "Құмар ойындарға патологиялық әуестік" диагнозымен тек екі пациент тіркелген. Ал жалпы Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 12 адамды құрайды.
"Негізгі қиындықтардың бірі – стигматизация. Адамдар жұмысынан айырылып қалу немесе есепке алыну қаупінен қорқып, көмекке жүгінуге батылы бармайды. Сондықтан көптеген азаматтар жеке клиникаларда жасырын түрде емделеді", – деп атап өтті Айнұр Төлеуова.
Оның айтуынша, лудоманиямен күрес барысында тәрбие мен түсіндіру шараларына ерекше назар аудару керек.
"Лудомания – жеке адамның ғана емес, қоғамның да мәселесі. Біз алдын алу және емдеу бойынша тұрақты жүйені қалыптастыру үшін мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және қоғамның күш-жігерін біріктіруіміз керек. Әсіресе, құмар ойындарға бейім жастарға ерекше назар аудару қажет", – деп атап өтті Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
Сөз арасында медициналық ұйымдар лудомания диагнозын қою және медициналық көмек көрсету жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқанын айтты. Дегенмен, құмар ойындармен психологиялық және медициналық мәселелер бойынша азаматтар аз жүгінеді. Лудоманияға қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін диагноз қою мен емдеудің клиникалық хаттамалары әзірленіп, медициналық мекемелер мен қоғамға арналған профилактикалық шаралар енгізілді.
Лудоманияның негізгі белгілері:
Отбасымен уақыт өткізуді азайту, жақындарымен қарым-қатынастың нашарлауы;
Жұмысқа немқұрайлы қарау, еңбек өнімділігінің төмендеуі;
Үйде ақшаның жиі жоғалуы, қаржылық түсініксіздіктердің туындауы;
Қарыздар мен несиелердің көбеюі, ойынға ақша табу үшін заттарды сату немесе достарынан қарыз сұрау;
Эмоционалдық өзгерістер. ашушаңдық, шыдамсыздық немесе керісінше селқостық:
Бұрынғы хоббилер мен қызығушылықтарды ұмыту;
Ұйқысыздық, шаршау, дене және психологиялық күйзеліс.
Астана қаласындағы №2, 4, 6, 8, 9, 10, 14 емханалар мен Қалалық психикалық денсаулық орталығының (психоблок және наркоблок) базасында 9 бастапқы психикалық денсаулық орталығында учаскелік дәрігер-психиатрлар мен наркологтар қабылдау жүргізеді.
Ем алушылардың жеке деректері мен ақпараттары құпиялылық талаптарына сай қатаң түрде сақталады. Азаматтар анонимді түрде көмек ала алады.
Сондай-ақ, сенім телефоны арқылы қажетті ақпараттар мен кеңестер алуға болады. Телефон: 547603.