Ақтөбеде пара алған депо басшысы сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевСудебное разбирательство в отношении экс-заместителей министра энергетики - Гани Садибекова и Бакытжана Джаксалиева
Судебное разбирательство в отношении экс-заместителей министра энергетики - Гани Садибекова и Бакытжана Джаксалиева - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "Батыс" филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды, деп хабарлайды Антикор.
"Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты „ҚТЖ-Жүк тасымалы“ ЖШС „Батыс“ филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығына қатысты үкім шығарды. Ол локомотив депосының кадрлар жөніндегі делдал-менеджері арқылы адамды тепловоз машинисінің көмекшісі лауазымына орналастыру үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды", — делінген хабарламада.
Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сол үкіммен делдал 1 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды, пара берген адам және оның көмекшісі 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Антикоррупционная служба. Здание в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2024
Жемқорлық жайлы хабарлаған азаматтарға 14,7 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі
Жаңалықтар
0