https://sputnik.kz/20241121/toqaevtyn-tapsyrmasy-oryndalmaydy---ministr-sebebin-tusindirdi-48699021.html
Тоқаевтың тапсырмасы орындалмайды - министр себебін түсіндірді
Тоқаевтың тапсырмасы орындалмайды - министр себебін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова әлеуметтік қорларды біріктірмеудің себебін түсіндірді. Ал сенат төрағасы... 21.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-21T11:38+0500
2024-11-21T11:38+0500
2024-11-21T11:38+0500
зейнетақы қоры
әлеуметтік төлем
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/11/39413617_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_9ef3d13e73a644f6476a21f22d31d2b9.jpg
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова әлеуметтік қорларды біріктірмеудің себебін түсіндірді. Ал сенат төрағасы бұл шешімнің тиімсіз тұсын атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұдан бес жыл бұрын президент әлеуметтік қорларды біріктіріп, бірыңғай төлемді енгізу мәселесін қарастыруды тапсырған болатын. Қазақстанда зейнетақы, медициналық және әлеуметтік сақтандыру бойынша бірнеше қор бар. Солардың бәрін біріктірсе, біраз қаржыны үнемдеуге болады.Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, үкімет Тоқаевтың осы ұсынысын жан-жақты зерделеп шықты. Арнайы жұмыс тобы да құрылған болатын.Ал сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бірыңғай қор құрылмаса да, әлеуметтік қорлардағы қаржыны бақылау қажеттігін ерекше атап өтті.“Қазіргі кезде қорларда жиналған қаржының көлемі ел бюджетінің шығыстарынан да асып отыр. Биыл бюдже шығыстары 4 трлн теңге болса, қорлардың активтері одан да көп. Ал осы қаржыны бақылау мен жұмсау мәселесі қалай болып жатыр? Мысалы, бюджетті орындауды қарағанда бізге әлеуметтік қорлардың есебін бір кестемен жіберіп отырады, бір бет қана. Оған қарап, ол жерде не болып жатқанын түсіну қиын емес”,- деп атап көрсетті Әшімбаев.Оның айтуынша, бүгінде өзекті проблемаларды шешуге ақша таппай отырғанда әлеуметтік қорлардағы қаражатты бақыламай жүргеніміз дұрыс емес. Әшімбаев осы мәселеге қайта ораламыз деп отыр.
https://sputnik.kz/20241120/biyl-400-mynnan-astam-adam-atauly-aleumettik-komek-aldy-48671905.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/11/39413617_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_ed66e75480201c8c2163f7eeae98418e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы қоры, әлеуметтік төлем, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
зейнетақы қоры, әлеуметтік төлем, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова әлеуметтік қорларды біріктірмеудің себебін түсіндірді. Ал сенат төрағасы бұл шешімнің тиімсіз тұсын атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұдан бес жыл бұрын президент әлеуметтік қорларды біріктіріп, бірыңғай төлемді енгізу мәселесін қарастыруды тапсырған болатын. Қазақстанда зейнетақы, медициналық және әлеуметтік сақтандыру бойынша бірнеше қор бар. Солардың бәрін біріктірсе, біраз қаржыны үнемдеуге болады.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, үкімет Тоқаевтың осы ұсынысын жан-жақты зерделеп шықты. Арнайы жұмыс тобы да құрылған болатын.
“Бірлескен жұмыстың нәтижесінде бірыңғай әлеуметтік қорды құру орынсыз деген шешім шығарылды. Қазіргі әлеуметтік төлемдердің экономикалық сипаты әртүрлі, сондықтан қорларды біріктіру орынсыз. Оны ұлттық банк те, қаржыгерлер қауымдастығы да айтты. Осыған байланысты тапсырма орындаудан алынды”,- деді Жақыпова сенаттың жалпы отырысында.
Ал сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бірыңғай қор құрылмаса да, әлеуметтік қорлардағы қаржыны бақылау қажеттігін ерекше атап өтті.
“Қазіргі кезде қорларда жиналған қаржының көлемі ел бюджетінің шығыстарынан да асып отыр. Биыл бюдже шығыстары 4 трлн теңге болса, қорлардың активтері одан да көп. Ал осы қаржыны бақылау мен жұмсау мәселесі қалай болып жатыр? Мысалы, бюджетті орындауды қарағанда бізге әлеуметтік қорлардың есебін бір кестемен жіберіп отырады, бір бет қана. Оған қарап, ол жерде не болып жатқанын түсіну қиын емес”,- деп атап көрсетті Әшімбаев.
Оның айтуынша, бүгінде өзекті проблемаларды шешуге ақша таппай отырғанда әлеуметтік қорлардағы қаражатты бақыламай жүргеніміз дұрыс емес. Әшімбаев осы мәселеге қайта ораламыз деп отыр.