Қытай, Венгрия және Қазақстан Будапештте үлкен жүк терминалын салады

© Photo : Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"АО "Казахстан темир жолы", L.A.C. Holding (Венгрия) и Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd (Китай) заключили Меморандум о сотрудничестве в области транспорта и логистики
АО Казахстан темир жолы, L.A.C. Holding (Венгрия) и Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd (Китай) заключили Меморандум о сотрудничестве в области транспорта и логистики - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" АҚ, L.A.C. Holding (Венгрия) және Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd (Қытай) көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасады. Құжатқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Венгрияға мемлекеттік сапары аясында Будапештте қол қойылды.
"Венгрия астанасында Еуропа бойынша мультимодальды тасымалдау үшін дамыған көлік желісі бар. Қуаты жылына 230 мың ЖФЭ* болатын терминал Қытай-Еуропа-Қытай бағытында контейнерлік пойыздар санын, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша транзитпен тасымалдауды арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру жеткізу уақытын қысқартуға, тасымалдау құнын және қайта тиеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді", - деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ (ҚТЖ) баспасөз қызметі.
ҚТЖ шетелде іс-қимылдарды белсенді түрде кеңейтуде. Негізгі көлік дәліздері бойында терминалдық желіні қалыптастыру Қазақстан президенті жүктеген Қазақстанның Еуразиядағы транзиттік хаб ретіндегі ұстанымын нығайту міндетін шешуге ықпал етеді, деп хабарлады компаниядағылар.
*ЖФЭ (жиырма фут эквиваленті) – көлік ағындарының сандық жағын, контейнерлік терминалдардың өткізу қабілетін немесе жүк көліктерінің өткізу қабілетін өлшеудің шартты бірлігі.
Погрузка грузового контейнера - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2024
Қазақстан мен Қытай контейнерлік хаб құрылысын бастады
Жаңалықтар
0