https://sputnik.kz/20241121/muftiyat-energetikalyq-susyndarga-qatysty-patua-shygardy-48712949.html
Мүфтият энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды
Мүфтият энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды
Sputnik Қазақстан
Энергетикалық сусындарды жиі қолданудың ағзаға қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған болса, оны қолдануға тыйым салынады 21.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-21T17:45+0500
2024-11-21T17:45+0500
2024-11-21T17:45+0500
энергетикалық сусын
қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0b/38338710_0:0:3299:1856_1920x0_80_0_0_eb9ee5ce2490e5453554f95429a9569a.jpg
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасап.Мүфтият алкогольсіз және алкогольді энергетикалық сусындарға қатысты өз шешімін жариялады. Оған сәйкес, энергетикалық сусындардың құрамында алкоголь аз мөлшерде болса да, оны ішуге тыйым салынады. Себебі Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) "Мас ететін нәрсенің азы да, көбі де – харам", – деп айтқан.Сусынның құрамында алкоголь, зиянды заттар, харам, нәжіс нәрселер болмаса оны қолдануға рұқсат етіледі."Энергетикалық сусындарды жиі қолдану ағзаға (жүрекке, жүйке жүйесіне, қан қысымының жоғарылауына, қант диабетіне, семіздікке, аяқ-қолдың діріліне, т.с.с.) қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған. Сондықтан мұсылман адамға мұндай сусындардан аулақ болғаны дұрыс", - дейді мүфтият мамандары.Пәтуа:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0b/38338710_424:0:3155:2048_1920x0_80_0_0_a9090ab0a75b3ba3b7962077ecd71f91.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
энергетикалық сусын, қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
энергетикалық сусын, қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Мүфтият энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды
Энергетикалық сусындарды жиі қолданудың ағзаға қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған болса, оны қолдануға тыйым салынады
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мүфтияттың ресми
сайтына сілтеме жасап.
Мүфтият алкогольсіз және алкогольді энергетикалық сусындарға қатысты өз шешімін жариялады. Оған сәйкес, энергетикалық сусындардың құрамында алкоголь аз мөлшерде болса да, оны ішуге тыйым салынады. Себебі Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) "Мас ететін нәрсенің азы да, көбі де – харам", – деп айтқан.
Сусынның құрамында алкоголь, зиянды заттар, харам, нәжіс нәрселер болмаса оны қолдануға рұқсат етіледі.
"Энергетикалық сусындарды жиі қолдану ағзаға (жүрекке, жүйке жүйесіне, қан қысымының жоғарылауына, қант диабетіне, семіздікке, аяқ-қолдың діріліне, т.с.с.) қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған. Сондықтан мұсылман адамға мұндай сусындардан аулақ болғаны дұрыс", - дейді мүфтият мамандары.
1.
Сусынның құрамында шариғатта тыйым салынған нәрселер болмаса, оны қолдануға рұқсат;
2.
Алкогольды энергетикалық сусындарды ішу – харам;
3.
Энергетикалық сусындарды жиі қолданудың ағзаға қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған болса, оны қолдануға тыйым салынады.