https://sputnik.kz/20241120/qantarda-qashyp-ketkender-elge-orala-bastady-bapi-uqk-basshysyna-saual-zholdady-48678194.html
"Қаңтарда қашып кеткендер елге орала бастады": Бәпи ҰҚК басшысына сауал жолдады
"Қаңтарда қашып кеткендер елге орала бастады": Бәпи ҰҚК басшысына сауал жолдады
Sputnik Қазақстан
Олар реваншистік саясатты қоғамға сіңіруге қам жасауда, деп атап өтті депутат 20.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-20T15:33+0500
2024-11-20T15:33+0500
2024-11-20T15:33+0500
қаңтар оқиғасы
депутаттық сауал
ермұрат бәпи
https://sputnik.kz/img/07e8/05/16/44471569_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_f987f707ae7b2c476fc36bdfc64a4c12.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысына депутаттық сауал жолдап, қоғамға реваншистік саясатты сіңіруге тырысатындарды анықтауды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бәпидің айтуынша, әлеуметтік желіде сенаттың бұрынғы басшысы Дариға Назарбаеваны жер-көкке сыйғызбай мақтаған видео тарай бастаған.Депутаттың сөзіне қарағанда, қаңтар оқиғасына тікелей қатысы бар теріс діни ағым иелері жай жатқан жоқ."Қаңтардың қаһарынан қашып кеткендер біртіндеп елге орала бастады. Енді олар ел ішіне ұлттық мұра мен салт-санаға қарсы идеологияны үйіріп, реваншистік саясатты қоғамға сіңіруге қам жасауда. Мақсат – әзірге онсыз да ала-құла қоғамда әлеуметтік-протестік теңселіс пен наразылық тұрғысында толқулар тудыру. Әлеуметтік желілер мен таралымы миллионға тақау жазылушысы бар танымал интернет ресурстарға қаржылай көмек беру арқылы, оларды өз "бауырына" басып, ашық платформалар арқылы саяси теңселістер тудыруға ниетті. Маған мұндай инсайдерлік ақпараттың бірнешеуі жетті", - деп атап өтті Бәпи.Ал "Бүгінгі билік отставкаға кетеді!", "Мерзімінен бұрын өтетін сайлауларға дайындық жүріп жатыр" деген сияқты жалаң трендтер "бұрынғының кезінде мұндай болмаған" деген тезисті тарату арқылы қоғамдық санаға солақай саңылау салынып жатыр."Мен дәл осындай контрпропагандалық материалдардың бір парасын тиісті ведомстволардың жоғары лауазым иелеріне жолдаған едім. Енді қоғамға іріткі салушы түпнұсқаларды анықтауды, ең бастысы – ел-жұртқа жік салу пиғылы бар осындай "ескішіл" астыртын күштерді анықтауды, олар жөнінде қоғамға толыққанды ақпарат беруді ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығынан сұраймын", - дейді депутат.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/16/44471569_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_262f1b67a924b5ca29a480f754bb5f2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутаттық сауал, ермұрат бәпи
депутаттық сауал, ермұрат бәпи
"Қаңтарда қашып кеткендер елге орала бастады": Бәпи ҰҚК басшысына сауал жолдады
Олар реваншистік саясатты қоғамға сіңіруге қам жасауда, деп атап өтті депутат
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысына депутаттық сауал жолдап, қоғамға реваншистік саясатты сіңіруге тырысатындарды анықтауды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бәпидің айтуынша, әлеуметтік желіде сенаттың бұрынғы басшысы Дариға Назарбаеваны жер-көкке сыйғызбай мақтаған видео тарай бастаған.
"Әлбетте, тақырыпқа желеу болған персонаждың басқалардан адами "артықшылығы" болса, оған ешқандай дау жоқ. Бірақ Дариға ханым кеше ғана елдегі екінші басшы ретінде жоғарғы саяси лауазым иесі болғанын ұмытпау керек. Сондықтан бұны бұрынғы саяси режимнің "артықшылығын" дәріптеуге арналған, қоғамдық санаға сіңірілмек саяси манипуляция деп қабылдау керек", - деді Бәпи мәжілістің жалпы отырысында.
Депутаттың сөзіне қарағанда, қаңтар оқиғасына тікелей қатысы бар теріс діни ағым иелері жай жатқан жоқ.
"Қаңтардың қаһарынан қашып кеткендер біртіндеп елге орала бастады. Енді олар ел ішіне ұлттық мұра мен салт-санаға қарсы идеологияны үйіріп, реваншистік саясатты қоғамға сіңіруге қам жасауда. Мақсат – әзірге онсыз да ала-құла қоғамда әлеуметтік-протестік теңселіс пен наразылық тұрғысында толқулар тудыру. Әлеуметтік желілер мен таралымы миллионға тақау жазылушысы бар танымал интернет ресурстарға қаржылай көмек беру арқылы, оларды өз "бауырына" басып, ашық платформалар арқылы саяси теңселістер тудыруға ниетті. Маған мұндай инсайдерлік ақпараттың бірнешеуі жетті", - деп атап өтті Бәпи.
Ал "Бүгінгі билік отставкаға кетеді!", "Мерзімінен бұрын өтетін сайлауларға дайындық жүріп жатыр" деген сияқты жалаң трендтер "бұрынғының кезінде мұндай болмаған" деген тезисті тарату арқылы қоғамдық санаға солақай саңылау салынып жатыр.
"Мен дәл осындай контрпропагандалық материалдардың бір парасын тиісті ведомстволардың жоғары лауазым иелеріне жолдаған едім. Енді қоғамға іріткі салушы түпнұсқаларды анықтауды, ең бастысы – ел-жұртқа жік салу пиғылы бар осындай "ескішіл" астыртын күштерді анықтауды, олар жөнінде қоғамға толыққанды ақпарат беруді ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығынан сұраймын", - дейді депутат.