Түркістан облысында білім бөлімінің басшылығы 3,7 млрд теңге жымқырған

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, банкноты
Деньги, тенге, купюры, банкноты   - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2024
Жазылу
Жалпы сомасы 639,8 млн теңгеге залал өтелді және мүлікке тыйым салынды
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Түркістан облысы Шардара ауданы білім бөлімінің лауазымды тұлғалары жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше Шардара ауданы білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
"12 қатысушыдан тұратын тұрақты ұйымдасқан топ, оның ішінде бөлім басшылары мен олардың бағынысты бухгалтерлері білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақыны заңсыз аудару жолымен 2020-2023 жылдар кезеңінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді", - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық әрекеттердің салдарынан мемлекетке 3,7 млрд теңге көлемінде залал келтірілді.
Жалпы сомасы 639,8 млн теңгеге залал өтелді және мүлікке тыйым салынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс прокуратураға жіберілді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Жаңалықтар
0