https://sputnik.kz/20241119/reseydin-madeniet-ministri-zhenistin-80-zhyldygyna-arnalgan-is-sharalar-turaly-aytty-48699678.html
Ресейдің мәдениет министрі Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар туралы айтты
Ресейдің мәдениет министрі Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Жеңіс мұражайы 2025 жылы мерекенің мәдени-танымдық іс-шараларын өткізудің негізгі орны болады 19.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-19T18:12+0500
2024-11-19T18:12+0500
2024-11-21T12:46+0500
жеңіс
ресей
https://sputnik.kz/img/07e7/09/01/38125529_0:0:3101:1745_1920x0_80_0_0_8741da7abad38ff386b7d9fe37c759f5.jpg
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Ресейдің барлық аймағында 170-тен астам іс-шара өтеді, деп хабарлады РФ мәдениет министрі Ольга Любимова. Бұл туралы РИА Новости жазды.Ол Ресей Федерациясы президентінің тапсырмасына сәйкес Ресей мұрағаты "Ұлы Отан соғысы: құжаттар мен артефактілер" атты ауқымды тарихи-құжат көрмесіе дайындап жатқанын айтты. Ресейдің Әскери-тарихи қоғамы Одақтас мемлекетпен бірлесіп, "Курск доғасының солтүстік келбеті" мемориалдық кешені үшін "Жеңімпаз жауынгерге ескерткіш" мүсін композициясын дайындап жатыр."Биыл біз "Баршаға арналған бір Жеңіс" жобасының алғашқы шараларын да көре аламыз. Ол Кеңестік республикалар халықтарының Ұлы Жеңіске қосқан үлесіне арналған" - деді Любимова.Оның айтуынша, Жеңіс мұражайы 2025 жылы мерекенің мәдени-танымдық іс-шараларын өткізудің негізгі орны болады.Мерейтой аясында "Жеңіс белгісінің астындағы 80 жыл" атты ірі көрме жобасы, "Жеңіс вернисажы" арнайы жобасы жүзеге асырылады. Мемлекеттік орталық кино музейінде майдан кинооператорлары мен шығармашылық бірлестіктердің соғыс жылдарындағы қызметі туралы көпшілікке арналған лекциялар топтамасы ұсынылады.Сонымен қатар ресейлік министр арнайы жоба аясында тематикалық тегін кинолар көрсетіліп, "Естеліктер бағы" жобасы бойынша ағаштар отырғызылатынын жеткізді."Мерейтой жылы сол кезеңдердегі оқиғаларды еске түсіруге, ұрпақтар сабақтастығын және осы мерекеге байланысты дәстүрлерді сақтауға мүмкіндік береді. 9 мамыр - әрбір ресейлік үшін қасиетті күн", – деді Любимова.
https://sputnik.kz/20240509/astanada-zhenis-kuni-qalay-toylandy-44178434.html
https://sputnik.kz/20240508/qonaev-qalasynda-uos-qatysqan-zhalgyz-gana-ardagerge-qurmet-korsetildi-44144288.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/01/38125529_372:0:3101:2047_1920x0_80_0_0_54fc7dd94bfdfc934faafefe321db479.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеңіс, ресей
Ресейдің мәдениет министрі Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар туралы айтты
18:12 19.11.2024 (жаңартылды: 12:46 21.11.2024) Жеңіс мұражайы 2025 жылы мерекенің мәдени-танымдық іс-шараларын өткізудің негізгі орны болады
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Ресейдің барлық аймағында 170-тен астам іс-шара өтеді, деп хабарлады РФ мәдениет министрі Ольга Любимова. Бұл туралы
РИА Новости жазды.
"Сексен жылдық мерейтой келер жылдың ең маңызды оқиғасы болары сөзсіз. Мерекенің негізгі жоспары 170-тен астам іс-шараны қамтиды. Біз барлық 89 аймақпен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз", - деді ведомство басшысы.
Ол Ресей Федерациясы президентінің тапсырмасына сәйкес Ресей мұрағаты "Ұлы Отан соғысы: құжаттар мен артефактілер" атты ауқымды тарихи-құжат көрмесіе дайындап жатқанын айтты. Ресейдің Әскери-тарихи қоғамы Одақтас мемлекетпен бірлесіп, "Курск доғасының солтүстік келбеті" мемориалдық кешені үшін "Жеңімпаз жауынгерге ескерткіш" мүсін композициясын дайындап жатыр.
"Биыл біз "Баршаға арналған бір Жеңіс" жобасының алғашқы шараларын да көре аламыз. Ол Кеңестік республикалар халықтарының Ұлы Жеңіске қосқан үлесіне арналған" - деді Любимова.
Оның айтуынша, Жеңіс мұражайы 2025 жылы мерекенің мәдени-танымдық іс-шараларын өткізудің негізгі орны болады.
"Мұнда Қызыл Армия жауынгерлерінің ерлігіне арналған "Жеңіс жолы" атты жаңа ауқымды көрме ашылады. Жоба әскери қолбасшылар мен батырлардың ерліктерімен қатар қатардағы жауынгерлердің тағдырын көрсетеді, жаппай ерлік сипатын ашады", - деді министр.
Мерейтой аясында "Жеңіс белгісінің астындағы 80 жыл" атты ірі көрме жобасы, "Жеңіс вернисажы" арнайы жобасы жүзеге асырылады. Мемлекеттік орталық кино музейінде майдан кинооператорлары мен шығармашылық бірлестіктердің соғыс жылдарындағы қызметі туралы көпшілікке арналған лекциялар топтамасы ұсынылады.
Сонымен қатар ресейлік министр арнайы жоба аясында тематикалық тегін кинолар көрсетіліп, "Естеліктер бағы" жобасы бойынша ағаштар отырғызылатынын жеткізді.
"Мерейтой жылы сол кезеңдердегі оқиғаларды еске түсіруге, ұрпақтар сабақтастығын және осы мерекеге байланысты дәстүрлерді сақтауға мүмкіндік береді. 9 мамыр - әрбір ресейлік үшін қасиетті күн", – деді Любимова.