Ресейдің Красноярск қаласында "Бостандық. Жеңіске апарар жол" көрмесі ашылды

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаМәскеудегі Жеңіс күніне арналған іс-шаралар
Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған іс-шаралар - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2024
Жазылу
Көрме Красноярсктен кейін университеттің Хакасия, Норильск және басқа филиалдарында ұйымдастырылады
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Красноярск қаласындағы Сібір федералдық университетінің алаңында Сібір тұрғындарының еңбек ерлігіне арналған "Бостандық. Жеңіске апарар жол. Тыл" мультимедиялық жобасының фотокөрмесі ашылды, деп хабарлады РИА Новости.
Жоба Ресей президентті Мәдени бастамалар қорының қолдауымен жүзеге асырылуда және Ресейдің барлық аймағының, сондай-ақ Беларусьтің біртұтас тарихи ортақтастығын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Жоба 1944–1945 жылдардағы оқиғаларды КСРО территорияларын азат ету кезіндегі қарапайым адамдардың бейнелері арқылы көрсетеді. Кеңес жастарының тылдағы ерлігіне ерекше көңіл бөлінген.
Краснояр өлкесі губернаторының бірінші орынбасары Сергей Пономаренко айтқандай, аймақ өзінің тарихымен мақтана алады.
"Біз Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында тұрмыз, ал Краснояр өлкесі өзінің тарихымен мақтанады. Бұл аймақтан жарты миллионнан астам адам майданға аттанды, бізде 200-ден астам Кеңес Одағының Батыры бар. Бірақ Жеңіс мұнда да, Красноярск тылында да жасалған. Красноярск қаласы президент жарлығымен "Еңбек ерлігі қаласы" болып танылуы кездейсоқ емес. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қажетті қару-жарақ, техника, снарядтар шығарыла бастады. Жас жігіттер, он төрт жастағы жасөспірімдер зауыт цехтарында жұмыс істеді. Бұл оқиғалар Ұлы Отан соғысының тарихына жазылды. Баршаңызды осы маңызды көрменің ашылуымен құттықтаймын", — деді Пономаренко.
Сібір федералды университетінің ректоры Максим Румянцев жобаның университет өміріндегі маңыздылығын айтты.
"Бұл көрме университет жобаларының арасында ерекше орын алады.Біріншіден, мазмұнының бірегейлігіне байланысты, оның негізінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Кеңестік ақпарат бюросының фотомұрағаты қолданылды. Көрменің тарихи құндылығымен қатар, тәрбиелік мәні бар екені сөзсіз. Суреттердегі адамдар біздің студенттермен жасты. Көрмені тамашалаған студенттер 80 жыл бұрын елін қорғап, оны сақтап қалған жастармен өздерін салыстырады", - деді Румянцев.
Ол сонымен қатар көрме Красноярсктен кейін университеттің Хакасия, Норильск және басқа филиалдарында өтетінін айтты.
В День Победы ветеранов ВОВ чествовали в Алматинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2024
Қонаев қаласында ҰОС қатысқан жалғыз ғана ардагерге құрмет көрсетілді
Мультимедиялық фотокөрме гибридті сипатта ұйымдастырылған, яғни, фото, аудио және видео форматтарын біріктіреді, сонымен қатар жаңа медиа құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Ол "Россия сегодня" халықаралық медиа тобы авторлық құқық иесі болып табылатын 1944-1945 жылдардағы Кеңестік ақпарат бюросының бірегей фотомұрағатына негізделген.
"Жоба бүгінде арнайы әскери операция және 80 жыл бұрынғы Ұлы Отан соғысындағы жеңіске ел мен Красноярск өлкесінің тұрғындары қосқан үлестің тарихи параллельдерін дамытуға бағытталған. Жеңіс сол кезде де, бүгін де Сібірде жасалды. Біз осыдан 80 жыл бұрын станоктың басында тұрған әрбір адамның азаматтық таңдауы мен адалдығына, бүгінгі жеңісімізге үлес қосып жүргендердің барлығына құрмет көрсеткіміз келеді", - деді "Россия сегодня" медиа тобының "Бостандық. Жеңіске апарар жол. Тыл" арнайы жобасының жетекшісі, Білім және әлеуметтік саладағы жобалар басқармасының басшысы Наталья Тюрина.
"Бостандық. Жеңіске апарар жол" 2023 жылғы жобаның жалғасы болып табылады, ол "Ресейдің үздік әлеуметтік жобалары", "Ғылымға адалдығы үшін", "Елдегі үздік корпоративтік мұражай" ұлттық наградаларын жеңіп алды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2024
Жеңістің 80 жылдығы: Мәскеуде мерекенің ресми логотипі таныстырылды
Жаңалықтар
0