Декларация тапсырудан босатылатындар бірнеше талапқа сай болуы қажет - салықшылар

© Sputnik / Михаил Мордасов / Медиабанкке өтуБухгалтерия, калькулятор
Бухгалтерия, калькулятор - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті келесі жылы жалпыға бірдей декларация тапсырудан босатылатын азаматтарға қандай талап қойылатынын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлының айтуынша, декларациядан босатылатын адамдарда шетелде мүлік пен ақша болмауы қажет.
Әйтпесе, 250 формасы бойынша декларация тапсыруға тура келеді. Бұдан бөлек, шетелде инвестициялық алтын, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі, цифрлық актив, кредиторлық пен дебиторлық берешек, құны 1000 АЕК-тен асатын бұйымдар болмауы шарт.
“Бізде 250-ші салықтық есеп нысаны бар, бұл - активтер мен міндеттемелер декларациясы. Ол келесі адамдарға сақталады: шетелде мүлкі бар азаматтар, сайлауға түсетін кандидаттар, банктердің бағалы қағаздар нарығы мен сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетін адамдар. Олардың барлығы 250 нысанындағы декларацияны тапсырады“, - деді Көптілеуұлы бүгін арнайы брифингте.
Осы орайда салықшылар барлық ұсыныс заң жобасына енгізілетінін ерекше атап өтті. Оны депутаттар қолдауы қажет. Содан кейін ғана іске асырылады.
Осы орайда салықшылар барлық ұсыныс заң жобасына енгізілетінін ерекше атап өтті. Оны депутаттар қолдауы қажет. Содан кейін ғана іске асырылады.
Декларация, доходы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2024
Тоқаев жаппай декларация тапсырудың соңғы кезеңіне қатысты тапсырма берді
Жаңалықтар
0