https://sputnik.kz/20241119/azyq-tulik-korporatsiyasy-fermerlerden-12-mln-tonna-astyq-satyp-alady-48635020.html
Азық-түлік корпорациясы фермерлерден 1,2 млн тонна астық сатып алады
Азық-түлік корпорациясы фермерлерден 1,2 млн тонна астық сатып алады
Sputnik Қазақстан
Астық қабылдау кәсіпорындарына барлығы 7,2 млн тонна астық, оның ішінде 5,2 млн тонна бидай түсті 19.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-19T10:33+0500
2024-11-19T10:33+0500
2024-11-19T10:33+0500
астық
https://sputnik.kz/img/07e8/09/14/47228684_0:425:2130:1623_1920x0_80_0_0_11754728b6b9ac47acf28ed20b474d8a.jpg
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Азық-түлік корпорациясы фермерлерден 1,2 млн тонна астық сатып алады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов үкімет отырысында айтты.Ол қазіргі уақытта лицензияланған элеваторлардың жүктемесі 43% екенін хабарлады. Элеваторлардың қызметі тәулік бойы жұмыс істеуге ауыстырылды. Астық қабылдау кәсіпорындарына барлығы 7,2 млн тонна астық, оның ішінде 5,2 млн тонна бидай түсті.Вице-министр жаңа өнімнің астығы тікелей сатып алынатынын айтты. Үкіметтің резервінен 10 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу есебінен бірінші кезеңде нарықтық құны бойынша 150 мың тонна өнім сатып алу ұсынылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/14/47228684_0:225:2130:1823_1920x0_80_0_0_9feb5ec1911d898841cb1081d92a903b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық
Азық-түлік корпорациясы фермерлерден 1,2 млн тонна астық сатып алады
Астық қабылдау кәсіпорындарына барлығы 7,2 млн тонна астық, оның ішінде 5,2 млн тонна бидай түсті
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Азық-түлік корпорациясы фермерлерден 1,2 млн тонна астық сатып алады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов үкімет отырысында айтты.
Ол қазіргі уақытта лицензияланған элеваторлардың жүктемесі 43% екенін хабарлады. Элеваторлардың қызметі тәулік бойы жұмыс істеуге ауыстырылды. Астық қабылдау кәсіпорындарына барлығы 7,2 млн тонна астық, оның ішінде 5,2 млн тонна бидай түсті.
"Жиналған астықтың қалған көлемі фермерлерде сақталуда. Биыл форвардтық келісімшарттар бойынша, сондай-ақ өткен жылғы ұзартуларды ескере отырып, Азық-түлік корпорациясы 1,2 млн тонна астық сатып алатын болады. Қазіргі уақытта 550 мың тонна немесе 46% астық сатып алынды", — деп атап өтті Азат Сұлтанов.
Вице-министр жаңа өнімнің астығы тікелей сатып алынатынын айтты. Үкіметтің резервінен 10 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу есебінен бірінші кезеңде нарықтық құны бойынша 150 мың тонна өнім сатып алу ұсынылады.