Жыл басынан бері 14 жалған полицей ұсталды

© Sputnik / Владислав ВодневСЭЗ_предприятия
СЭЗ_предприятия - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2024
Жазылу
ІІМ кез келген заңсыз әрекеттер туралы полицияға дереу хабарлауды сұрайды
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Жыл басынан бері өзін полиция қызметкері ретінде көрсетіп, азаматтардан ақша бопсалап, алаяқтықпен және қылмыстық "қамқорлық көрсетумен" айналысқан 14 күдіктіні ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қараша айында Шымкентте бір топ адам полиция қызметкерлерінің кейпіне еніп, “қамқорлығы” үшін ай сайын 1,5 млн теңге алып отырған.
Дәл сол сияқты Ақтөбеде екі жас жігіт қаланың екі тұрғынына зорлық-зомбылық көрсетіп, 300 мың теңге алған.
Қонаевта ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысының екі тұрғынын ұстады. Олар өздерін жедел уәкіл ретінде көрсетіп, жәбірленушіден 500 мың теңге бопсалаған. Жалған қызметтік куәліктер, құжаттар және нысанды киім тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.
"Айта кетері, заманауи технологиялар алаяқтарға ықтимал құрбандар туралы әртүрлі ақпаратты оңай алуға мүмкіндік береді. Бұл олардың қылмыстық схемаларын сенімді етеді. Қылмыскерлер адамдарды манипуляциялау үшін психологиялық әдістерді қолданады. Жалған полиция қызметкерлерін ұстау – бұл қауіпсіздік мәселесі ғана емес, азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды бөлігі. Азаматтардың қырағылығы мұндай қылмыстардың санын едәуір төмендетуі мүмкін. ІІМ кез келген заңсыз әрекеттер туралы полицияға дереу хабарлауды сұрайды. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Жаңалықтар
0