Премьер-министрдің орынбасары аграрлық банкті құруға қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание в мажилисе
Заседание в мажилисе - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстанда аграрлық банкті құруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет аграрлық банкті құру бойынша әлемдік тәжірибені зерделеп шықты.
"Оның кәдімгідей банктен ешқандай айырмашылығы жоқ. Олар тек қаржының 30 процентін арзандатылған мөлшерлемемен ауыл шаруашылығына береді, қалғанын басқа банктер сияқты биржаға салады, өнеркәсіпті қолдайды. Біз Түркияның банкін қарадық, Россельхозбанк бар, қырғыздар мен өзбектердің банкін зерделедік. Барлығы бірдей", - деді Жұманғарин мәжілісте өткен жиында.
Оның айтуынша, Қазақстанда кез келген банкті аграрлық банк деп айтуға болады. Себебі белгілі бір қаражатын ауыл шаруашылығына салып отырады.
Айта кетері, бұған дейін президент Тоқаев көктемгі егіс жұмыстарына бөлінетін жеңілдетілген несиені желтоқсан айынан бастап беруді тапсырған болатын.
Соның нәтижесінде диқандар жанар-жағармайды, қосалқы бөлшектерді, басқа да қажетті тауарлар мен қызметтерді уақытында сатып ала алады. Аграрлық кредиттік корпорация өтінімдерді қабылдауды басталды. 29 қарашада кредит беру басталады.
Сушка зерна, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2024
Бидайды тікелей сатып алу кезінде баға қандай болады – Жұманғарин жауап берді
Жаңалықтар
0