https://sputnik.kz/20241118/biylgy-astyq-gonkong-pen-vetnamga-da-satyluy-mumkin--ukimet-48605044.html
Биылғы астық Гонконг пен Вьетнамға да сатылуы мүмкін – үкімет
Биылғы астық Гонконг пен Вьетнамға да сатылуы мүмкін – үкімет
Sputnik Қазақстан
Қазір Қазақстанның бидайын Тәжікстан жақсы ала бастаған 18.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-18T10:01+0500
2024-11-18T10:01+0500
2024-11-18T10:01+0500
астық
https://sputnik.kz/img/06/41/064131_0:135:4180:2486_1920x0_80_0_0_d6c950ccf7bdffd42c4bc0163257cce4.jpg
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин биылғы астық қай елдерге сатылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкіметтің жоспарына сәйкес, Батыс Еуропа мен Солтүстік Африкаға 1,5-2 миллион тонна экспортталады.Оның айтуынша, қазір Тәжікстан бидайымызды жақсы ала бастаған. Қытайға 2 миллион тонна астық жөнелтіледі."Сосын жаңа мақсаттарымыз бар. Келесі жылдың басында Синьзянда кездесу болады, мен өзім барамын. Гонгконгтың басшысы болады, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының басшысы болады. Гонгконг пен Вьетнамға жіберетін ойымыз бар, контейнермен",-деп атап өтті Жұманғарин.Биыл жиналған астықтың 12 млн тоннасын экспортқа шығару қажет. Жұманғариннің айтуынша, екі айда 2,1 млн тонна шығарылды. Ал осы үрдіс сақталса, бидай далада қалмайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/06/41/064131_386:0:3795:2557_1920x0_80_0_0_4caf5a7e0145ee8baa156f288c6a1dd5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық
Биылғы астық Гонконг пен Вьетнамға да сатылуы мүмкін – үкімет
Қазір Қазақстанның бидайын Тәжікстан жақсы ала бастаған
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин биылғы астық қай елдерге сатылатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің жоспарына сәйкес, Батыс Еуропа мен Солтүстік Африкаға 1,5-2 миллион тонна экспортталады.
"Сосын Ауғанстанның батысы мен Иранның шығысына шамамен 1,5-2 млн тонна, ал өзіміздің көршілеріміз – Орталық Азия елдеріне 6-8 миллион тонна жіберіледі. Мысалы, мен Өзбекстанға барып келдім, ол жақта 3 миллион тоннаға келістік", - деді Жұманғарин мәжілісте өткен отырыста.
Оның айтуынша, қазір Тәжікстан бидайымызды жақсы ала бастаған. Қытайға 2 миллион тонна астық жөнелтіледі.
"Сосын жаңа мақсаттарымыз бар. Келесі жылдың басында Синьзянда кездесу болады, мен өзім барамын. Гонгконгтың басшысы болады, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының басшысы болады. Гонгконг пен Вьетнамға жіберетін ойымыз бар, контейнермен",-деп атап өтті Жұманғарин.
Биыл жиналған астықтың 12 млн тоннасын экспортқа шығару қажет. Жұманғариннің айтуынша, екі айда 2,1 млн тонна шығарылды. Ал осы үрдіс сақталса, бидай далада қалмайды.