Атырау мұнай өңдеу зауыты ескірген 36 қондырғыны ауыстырды

© Photo : Пресс-служба Атырауского нефтеперерабатывающего завода Атырау мұнай өңдеу зауыты
Атырау мұнай өңдеу зауыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2024
Жазылу
Атырау мұнай өңдеу зауытының тапсырысы бойынша тұтату жүйесімен және жалынды сөндіретін датчиктермен жабдықталған жаңа жанарғылар (горелка) шетелде шығарылды
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытында жақында жүргізілген жөндеу жұмыстары барысында АТ-2 ЭЛОУ технологиялық қондырғысының пештерінде ескірген 36 жанарғы ауыстырылды, деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметі.
Шара "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ 2022 - 2031 жылдарға арналған төмен көміртекті дамыту бағдарламасына сәйкес пештерді техникалық қайта жарақтандыру жобасына сәйкес жүзеге асырылды.
Тұтату жүйесімен және жалынды сөндіретін датчиктермен жабдықталған жаңа жанарғылар Атырау мұнай өңдеу зауытының арнайы тапсырысы бойынша шетелде шығарылды.
Жанарғылардан басқа да маңызды бөлшектер мен тораптар ауыстырылды және жаңартылды.
Энергия тиімділігі жөніндегі бас маман Сергей Шумиловтың айтуынша, техникалық қайта жарақтандыру жобасын жүзеге асыру атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуын азайтуға және энергияны үнемдеуге әкеледі.
Қазіргі уақытта жобаның энергия тиімділігін растау және бағалау үшін сынау-өнеркәсіптік шаралар жүргізілуде.
Жаңалықтар
0