Алматыда есірткі жарнамалаған ерлі-зайыпты ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Алматы қаласы Әуезов ауданының полицейлері отбасылық жұпты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ерлі-зайыптылар есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды жарнамалады деген күдікке ілінді.
Жеке тінту кезінде ұсталғандардан аэрозоль бояуы, телефон, медициналық пипеткалар, есірткі сайттарының мекенжайлары жазылған трафареттер және басқа да сурет салу құралдары тәркіленді. Ұсталғандардың екеуі де нашақор екені және мефедрон қолданатындығы белгілі болды.
"Біраз уақыттан бері ерлі-зайыптылар ақшалай сыйақы алу үшін ғимараттардың қасбеттеріне есірткі жарнамаларын сала бастаған, сол үшін ұсталып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Фитолаборатория - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2024
Қызылорда облысында есірткі өсірумен айналысқан үш зертхана жойылды
Жаңалықтар
0