Жылу желісіндегі апат: Өскеменде 15 мыңға жуық тұрғынға жылу берілді

© Sputnik/Ертай СарбасовЖылу трассасының ақауы
Жылу трассасының ақауы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Өскеменде жылу желілеріндегі апат жойылды, деп хабарлайды 24KZ.
Жарылған құбыр жөнделіп, тұрғындарға жылу және ыстық су беріле бастады.
Оқиғаның себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр. Мамандар асфальт төсеу кезінде құбырдың зақымдануы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

"Оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіледі. Құбырдың жұмыс істеп тұрғанына 10 жыл болды, яғни салыстырмалы түрде жаңа. Жылыту маусымына дайындық барысында ол барлық қажетті сынақтардан өтті. Асфальт төсеу кезінде көлік дәнекерленген бөлікке әсер еткен болуы мүмкін. Біз бұл нұсқаны жоққа шығармаймыз. Оқиғаның нақты себептерін мамандар мен арнайы комиссия тексеріп, анықтайтын болады", - деді Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.

Естеріңізге сала кетейік, диаметрі 630 миллиметрлік жылу магистралінің жарылуы салдарынан Өскемен қаласында бірқатар ауданның тұрғындары жылусыз қалды.
Жаңалықтар
0