https://sputnik.kz/20241117/balyq-aulauga-ketken-zhasospirimnin-denesi-tabyldy-48599817.html
Балық аулауға кеткен жасөспірімнің денесі табылды
Балық аулауға кеткен жасөспірімнің денесі табылды
Sputnik Қазақстан
Жасөспірімді іздеу жұмыстары 16 қарашада басталған, баланы соңғы рет сағат 16:30 шамасында көрген 17.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-17T13:08+0500
2024-11-17T13:08+0500
2024-11-17T16:04+0500
балық
қостанай
https://sputnik.kz/img/589/84/5898413_0:58:2500:1464_1920x0_80_0_0_1ecaeffca4972f9250da596faeeda926.jpg
АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Қостанай облысының Қарабалық ауданында жоғалған жасөспірімді іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлады аймақтың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.13 жастағы жасөспірім Тоғызақ өзеніне балық аулау үшін үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.ТЖД мәліметінше, жасөспірімді іздеу жұмыстары 16 қарашада басталған, баланы соңғы рет сағат 16:30 шамасында көрген.Төтенше жағдайлар департаменті баланың отбасына көңіл айтып, қазақстандықтарға балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті. Құтқарушылар кәмелетке толмағандарды ересектердің қарауынсыз қалдыруға болмайтынын ескертіп, әсіресе төмен ауа температурасы кезінде және су маңында аса сақ болу қажеттілігін айтты.
https://sputnik.kz/20241111/almaty-oblysynda-zhogalyp-ketken-er-adamnyn-mayiti-tabyldy-48436456.html
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/589/84/5898413_236:0:2264:1521_1920x0_80_0_0_fe58a800c8ec4c3736386be28d0165fb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балық, қостанай
Балық аулауға кеткен жасөспірімнің денесі табылды
13:08 17.11.2024 (жаңартылды: 16:04 17.11.2024) Жасөспірімді іздеу жұмыстары 16 қарашада басталған, баланы соңғы рет сағат 16:30 шамасында көрген
АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Қостанай облысының Қарабалық ауданында жоғалған жасөспірімді іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлады аймақтың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
13 жастағы жасөспірім Тоғызақ өзеніне балық аулау үшін үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.
ТЖД мәліметінше, жасөспірімді іздеу жұмыстары 16 қарашада басталған, баланы соңғы рет сағат 16:30 шамасында көрген.
"Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полицейлер, еріктілер, мүдделі азаматтар, жоғалған жасөспірімнің туыстары, сондай-ақ кинологиялық бригадалар мен суда жүзу құралдары жұмылдырылды. Құтқарушылар мен еріктілердің жедел әрекетіне қарамастан, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Төтенше жағдайлар қызметі жеткіншектің денесін тауып, судан алып шықты", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаменті баланың отбасына көңіл айтып, қазақстандықтарға балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті.
Құтқарушылар кәмелетке толмағандарды ересектердің қарауынсыз қалдыруға болмайтынын ескертіп, әсіресе төмен ауа температурасы кезінде және су маңында аса сақ болу қажеттілігін айтты.