https://sputnik.kz/20241116/qazaqstan-men-qytay-arasyndagy-ruqsat-blankilerinin-60-y-tsifrlyq-formatqa-auystyrylady-48592035.html
Қазақстан мен Қытай арасындағы рұқсат бланкілерінің 60%-ы цифрлық форматқа ауыстырылады
Қазақстан мен Қытай арасындағы рұқсат бланкілерінің 60%-ы цифрлық форматқа ауыстырылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. 2025 жылдың қаңтарынан бастап Қытай Халық Республикасымен шетелдік рұқсат бланкілерін алмасу цифрлық форматқа көшіріледі. 16.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-16T18:36+0500
2024-11-16T18:36+0500
2024-11-16T18:36+0500
қытай
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/14/15243579_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_61ee6edafa1706eb69b0fc3992093f23.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. 2025 жылдың қаңтарынан бастап Қытай Халық Республикасымен шетелдік рұқсат бланкілерін алмасу цифрлық форматқа көшіріледі.Құжатқа екі елдің салалық министрліктері қол қойды. Аталған жұмыстар бланкілердің жалпы санынан 60%-ын цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.Жалпы, қазақстандық тасымалдаушылардың халықаралық автотасымалдарға қатысу көрсеткіші 31%-дан (2021) 52%-ға (2023) дейін өсті.Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің 42 елімен шетелдік рұқсаттар алмасады. Биыл рекордтық айырбас жасалды – 364 705 шетелдік рұқат бланкісі, оның 190 мыңы Қытай бланкісі.Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуден кейін министр жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Еліміздің көлік саласын одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын тыңдады.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/14/15243579_454:0:3185:2048_1920x0_80_0_0_6fb8fbd259c7fe6d681674073d5d3c21.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай
Қазақстан мен Қытай арасындағы рұқсат бланкілерінің 60%-ы цифрлық форматқа ауыстырылады
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. 2025 жылдың қаңтарынан бастап Қытай Халық Республикасымен шетелдік рұқсат бланкілерін алмасу цифрлық форматқа көшіріледі.
Құжатқа екі елдің салалық министрліктері қол қойды. Аталған жұмыстар бланкілердің жалпы санынан 60%-ын цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Жалпы, қазақстандық тасымалдаушылардың халықаралық автотасымалдарға қатысу көрсеткіші 31%-дан (2021) 52%-ға (2023) дейін өсті.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің 42 елімен шетелдік рұқсаттар алмасады. Биыл рекордтық айырбас жасалды – 364 705 шетелдік рұқат бланкісі, оның 190 мыңы Қытай бланкісі.
Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуден кейін министр жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Еліміздің көлік саласын одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын тыңдады.