https://sputnik.kz/20241116/almatyda-kelesi-zhyly-30-uydin-turgyndary-zhana-uyge-koshedi-48586889.html
Алматыда келесі жылы 30 үйдің тұрғындары жаңа үйге көшеді
Алматыда келесі жылы 30 үйдің тұрғындары жаңа үйге көшеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Алматының Жетісу ауданында жаңа 2030 жылға дейінгі қайта жаңарту бағдарламасына 135 үй енгізілді. Қазірдің өзінде 34 ескі үй... 16.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-16T20:51+0500
2024-11-16T20:51+0500
2024-11-16T20:51+0500
алматы
https://sputnik.kz/img/874/19/8741914_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_0b10c6cafd2e97775bc998dc9e89f949.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Алматының Жетісу ауданында жаңа 2030 жылға дейінгі қайта жаңарту бағдарламасына 135 үй енгізілді. Қазірдің өзінде 34 ескі үй сүріліп, келесі жылы 30 үйдің тұрғындарын жаңа үйге көшіру көзделген, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.Крылов-Скрябин-Гончаров-Райымбек аумағы:Боткин-Казаков-Гончаров-Скрябин аумағы:"Біз жөндеуден өткен ауданы бірдей пәтер алдық. Құрылыс кезінде бізге уақытша баспана тегін берілді. Мұндай бағдарламалар өте маңызды, себебі ескі үйдегі пәтерді сату қиын, ал жаңа пәтер сатып алу өте қымбат", - деді сейсмикалық қауіпті үйден заманауи тұрғын үй кешеніне көшкен Фарида Ишмеметова.Қайта жаңарту бағдарламасы 2030 жылға дейін жалғасады және Жетісу ауданындағы 135 үйді қамтиды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/874/19/8741914_213:0:1920:1280_1920x0_80_0_0_2cac2a3e1ad498574eee4b349b21e18f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Алматының Жетісу ауданында жаңа 2030 жылға дейінгі қайта жаңарту бағдарламасына 135 үй енгізілді. Қазірдің өзінде 34 ескі үй сүріліп, келесі жылы 30 үйдің тұрғындарын жаңа үйге көшіру көзделген, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Крылов-Скрябин-Гончаров-Райымбек аумағы:
16 ескі үйдің орнына инвестор 944 пәтерге арналған 11 заманауи ғимарат салып жатыр. Қазір 9 үйдің құрылысы аяқталып, сүрілген үйлердің тұрғындары жаңа пәтерге көшті.
Боткин-Казаков-Гончаров-Скрябин аумағы:
6 ескі үйдің орнына 576 пәтерге арналған 11 жаңа үй салынып жатыр. Қазірдің өзінде 3 үй пайдалануға беріліп, тұрғындар жаңа пәтерге көшірілді. Қалған үйлердің құрылысы жалғасуда.
"Біз жөндеуден өткен ауданы бірдей пәтер алдық. Құрылыс кезінде бізге уақытша баспана тегін берілді. Мұндай бағдарламалар өте маңызды, себебі ескі үйдегі пәтерді сату қиын, ал жаңа пәтер сатып алу өте қымбат", - деді сейсмикалық қауіпті үйден заманауи тұрғын үй кешеніне көшкен Фарида Ишмеметова.
Қайта жаңарту бағдарламасы 2030 жылға дейін жалғасады және Жетісу ауданындағы 135 үйді қамтиды.