Іздеуде жүрген қазақстандық грек аралында ұсталды

© Sputnik / Anar MustafayevДевушка в наручниках, архивное фото
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2024
Жазылу
Экс-бухгалтер өзінің жеке шотына 230 мың долларды заңсыз аударған
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Іздеуде жүрген қазақстандық грек аралында ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
"Грекия аумағында орналасқан Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеуге жарияланған алаяқты ұстады", - деп жазылған хабарламада.
2021 жылы Алматыдағы ЖШС-нің бірінің бухгалтері болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары (шамамен 114 млн теңге) мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған.
Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр.
Жаңалықтар
0