Итбалықтың қырылуына не себеп болды – Балық шаруашылығы комитеті болжам жасады

© Sputnik / Игорь Руссак / Медиабанкке өтуАрхивное фото тюленя
Архивное фото тюленя - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2024
Жазылу
Ғалымдар Каспий жағалауында итбалықтардың қырылу себебін зерттеп жатыр
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті итбалықтың қырылуына табиғи құбылыстар, соның ішінде су астындағы жер сілкінісі салдарынан табиғи газдың шығуы себеп болуы мүмкін деп болжап отыр.
Түпкілікті тұжырымдар 3-4 айға созылатын зертханалық зерттеулер аяқталғаннан кейін алынады.
2024 жылдың 13 қарашасында пастереллез, құс тұмауы, жыртқыш оба, сальмонеллез және листериозға қарсы сынамалар алынып, ПТР нәтижесі ешқандай ауру тарамағанын көрсетті.
24 қазан мен 13 қараша аралығында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауынан 1 034 итбалықтың өлексесін тапты.
"Мониторинг және гидробиология және экология институты, итбалықтарды зерттеу және оңалту орталығы және микробиология ҒЗИ және вирусология ҒЗО сияқты ғылыми ұйымдар өлген жануарлардың тіндерін ішінара іріктеу жүргізді", - деп жазылған АШМ хабарламасында.
Айта кетері, Каспий теңізінде итбалықтардың жаппай қырылуы 2000 жылдары басталған. Атап айтқанда, 2000 жылы 10 000-ға жуық итбалық қырылып, оған созылмалы токсикоз себеп болғаны анықталған.
Жаңалықтар
0