https://sputnik.kz/20241115/frantsiya-ukrainanyn-23-myn-askeri-qyzmetkerin-oqytty-48542121.html
Франция Украинаның 2,3 мың әскери қызметкерін оқытты
Франция Украинаның 2,3 мың әскери қызметкерін оқытты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Франция 2300 украин әскери қызметкерінен жасақталған бригаданы оқытуды аяқтады, деп хабарлады елдің қорғаныс министрлігі X... 15.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-15T10:12+0500
2024-11-15T10:12+0500
2024-11-15T10:13+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/967/72/9677283_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_60550489a65bd4e7a3cd7d518848195b.jpg
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Франция 2300 украин әскери қызметкерінен жасақталған бригаданы оқытуды аяқтады, деп хабарлады елдің қорғаныс министрлігі X әлеуметтік желісінде.Жазбада Украина сарбаздары француз артиллериясы мен басқа да қару-жарақтарды қолдану арқылы түрлі жауынгерлік маневрлер көрсетіп жатқан видео қоса жарияланған.Франция Украина қарулы күштерінің 155-ші бригадасының 2,3 мың украин жауынгерін, оның ішінде үш жаяу әскер батальонын, инженерлік және артиллериялық корпусты, жер-әуе бақылауы мен барлауын дайындады. Украиндарды бір жарым мың француз сарбазы дайындады.Бейсенбі күні таңертең Францияның қорғаныс министрі Себастьян Лекорню мен елдің сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Украинаның әскери қызметкерлері оқуын аяқтап жатқан Францияның шығысындағы Марна департаментіндегі әскери базаға барды.Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/967/72/9677283_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_ecd69d5520a4542fc8993682ddb85bfa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Франция Украинаның 2,3 мың әскери қызметкерін оқытты
10:12 15.11.2024 (жаңартылды: 10:13 15.11.2024) АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Франция 2300 украин әскери қызметкерінен жасақталған бригаданы оқытуды аяқтады, деп хабарлады елдің қорғаныс министрлігі X әлеуметтік желісінде.
"Францияда дайындықтан өткен және жабдықталған бірінші жалпы әскер бригадасы оқу-жаттығуды аяқтады", - делінген хабарламада.
Жазбада Украина сарбаздары француз артиллериясы мен басқа да қару-жарақтарды қолдану арқылы түрлі жауынгерлік маневрлер көрсетіп жатқан видео қоса жарияланған.
Франция Украина қарулы күштерінің 155-ші бригадасының 2,3 мың украин жауынгерін, оның ішінде үш жаяу әскер батальонын, инженерлік және артиллериялық корпусты, жер-әуе бақылауы мен барлауын дайындады. Украиндарды бір жарым мың француз сарбазы дайындады.
Бейсенбі күні таңертең Францияның қорғаныс министрі Себастьян Лекорню мен елдің сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Украинаның әскери қызметкерлері оқуын аяқтап жатқан Францияның шығысындағы Марна департаментіндегі әскери базаға барды.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.