https://sputnik.kz/20241114/turkistan-oblysynda-kompaniya-direktory-862-mln-tenge-zhymqyrgan-48535876.html
Түркістан облысында компания директоры 862 млн теңге жымқырған
Түркістан облысында компания директоры 862 млн теңге жымқырған
Sputnik Қазақстан
Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды, ал сыбайластары шартты мерзімге сотталды 14.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-14T20:31+0500
2024-11-14T20:31+0500
2024-11-14T20:31+0500
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/136/39/1363989_0:152:1280:872_1920x0_80_0_0_d63f7fd5c9756a8df20b39649f92dad8.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Түркістан облысының Созақ аудандық соты "Iri building" ЖШС директорын 862 млн теңге жымқырғаны үшін 8 жылға соттады, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.Әбілдинов Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қаратау кенішінде уран өндіруші кәсіпорынды жаңғырту жобасын іске асыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген 862 млн теңгені 2019-2021 жылдар кезеңінде жымқырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды.Сот оның сыбайластары Момот, Кончаков, Алматовты жымқыруға көмектескені үшін кінәлі деп танып, оларға 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын кесті.Бұл ретте, ҚР ҚК 75-бабының 1-бөлігі негізінде сот Кончаковты қылмыстық жауаптылықтан босатып, оған жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді тағайындады.Сондай-ақ сот сотталғандардан материалдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық талапты қанағаттандырды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/136/39/1363989_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_951fd5113852ca15c9c44a3018e21633.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы
Түркістан облысында компания директоры 862 млн теңге жымқырған
Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды, ал сыбайластары шартты мерзімге сотталды
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Түркістан облысының Созақ аудандық соты "Iri building" ЖШС директорын 862 млн теңге жымқырғаны үшін 8 жылға соттады, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
"Iri building" ЖШС мердігерлік ұйымының директоры Н.Т. Әбілдиновке, "KAZ Design & Development Group LTD" ЖШС авторлық қадағалау директоры Л.А. Момотқа, авторлық қадағалау инженері С.М. Кончаковқа, сондай-ақ техникалық қадағалаудың нақты меншік иесі – "KZ Development" аккредиттелген орталық" ЖШС Б.С. Алматовқа қатысты үкім шықты", - деп жазылған хабарламада.
Әбілдинов Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қаратау кенішінде уран өндіруші кәсіпорынды жаңғырту жобасын іске асыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген 862 млн теңгені 2019-2021 жылдар кезеңінде жымқырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот оның сыбайластары Момот, Кончаков, Алматовты жымқыруға көмектескені үшін кінәлі деп танып, оларға 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Бұл ретте, ҚР ҚК 75-бабының 1-бөлігі негізінде сот Кончаковты қылмыстық жауаптылықтан босатып, оған жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді тағайындады.
Сондай-ақ сот сотталғандардан материалдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық талапты қанағаттандырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.