https://sputnik.kz/20241114/pavlodar-oblysynyn-turgyny-alayaqtarga-40-mln-tenge-audargan-48535759.html
Павлодар облысының тұрғыны алаяқтарға 40 млн теңге аударған
Павлодар облысының тұрғыны алаяқтарға 40 млн теңге аударған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Павлодар облысының тұрғыны бір айдың ішінде алаяқтарға 40 миллион теңге аударған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі... 14.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-14T19:47+0500
2024-11-14T19:47+0500
2024-11-14T19:47+0500
алаяқ
https://sputnik.kz/img/1279/49/12794938_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_69c99495271d02074cf14fa4c6868e92.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Павлодар облысының тұрғыны бір айдың ішінде алаяқтарға 40 миллион теңге аударған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте киберқылмыспен күрес бөлімінің жедел қызметкері Сұлтан Қадыржанов айтты, деп хабарлады Polisia.kz.Ол "Kaspi Profit" деп аталатын жалған инвестициялық платформаның жарнамасына алданып қалған.Алаяқтар ұрлаған қаражаттың басым бөлігі шетелге кетіп жатыр.Құқық қорғау органдары азаматтарға жеке деректерін бермеу, бейтаныс адамдарға смс хабарлама түрінде келетін тексеру кодтарын айтпау, бейтаныс сілтемелерді баспау және түсініксіз қосымшаларды орнатпау қажеттігі туралы ескертті.
https://sputnik.kz/20241112/qazaqstanda-eki-zhylda-internet-alayaqtyq-isterinin-sany-270-ga-osti--zhogargy-sot-48453840.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1279/49/12794938_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_cded29ac0d9639ca322b8cdbbe2a7e90.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ
Павлодар облысының тұрғыны алаяқтарға 40 млн теңге аударған
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Павлодар облысының тұрғыны бір айдың ішінде алаяқтарға 40 миллион теңге аударған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте киберқылмыспен күрес бөлімінің жедел қызметкері Сұлтан Қадыржанов айтты, деп хабарлады Polisia.kz.
Ол "Kaspi Profit" деп аталатын жалған инвестициялық платформаның жарнамасына алданып қалған.
"Егде жастағы әйел әлеуметтік желіде ұсынылған сілтемеге өтіп, жеке мәліметтерін қалдырған. Осыдан кейін олар оған қоңырау шалып, капиталын көбейтуді ұсынады. Мұны істеу үшін оған аз ғана пайыз төлеу керек болды. Нәтижесінде әйел бар жиған-тергенін алаяқтарға беріп, кейін несие алып, достарынан қарызға алған. Ол бір айдың ішінде алаяқтарға барлығы 40 миллион теңге аударған", - деді спикер.
Алаяқтар ұрлаған қаражаттың басым бөлігі шетелге кетіп жатыр.
Құқық қорғау органдары азаматтарға жеке деректерін бермеу, бейтаныс адамдарға смс хабарлама түрінде келетін тексеру кодтарын айтпау, бейтаныс сілтемелерді баспау және түсініксіз қосымшаларды орнатпау қажеттігі туралы ескертті.