Оқу-ағарту министрлігі мектептегі буллингпен қалай күресіп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневШкола, архивное фото
Школа, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2024
Жазылу
Бағдарламаға 70 мыңға жуық студент және 5 мыңнан астам оқытушы мен білім беру ұйымдарының қызметкері қатысуда
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Оқу жылының басынан бері тоғыз облыста "ДосболLIKE" буллингке қарсы бағдарламасы апробациядан өтіп жатыр, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Бағдарламаға 70 мыңға жуық студент және 5 мыңнан астам оқытушы мен білім беру ұйымдарының қызметкері қатысуда. Бағдарламаны сәтті жүзеге асыру үшін барлық мұғалім мен мектеп әкімшілігі нұсқаулық-әдістемелік семинарларға қатысты.
"Жобаға қатысушылар жанжалдың алдын алу және себептерін анықтау бойынша даярлықтан өтіп, практикалық іс-шараларға қатысады. Сондай-ақ ата-аналарға "ДосболLIKE" бағдарламасының мақсаты мен әдіс-тәсілдерін түсіндіру шаралары ұйымдастырылуда", - делінген хабарламада.
Пилоттық бағдарлама Абай, Жетісу, Ұлытау, Атырау, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында 50 мектепте жүзеге асырылуда.
"Пилоттық жобаның нәтижесі оны одан әрі республика бойынша жүзеге асыруға негіз болады деп болжанып отыр", - деді оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Бағдарламаның тиімділігін бағалау және оны Қазақстанның білім беру ұйымдарында одан әрі енгізуге дайындық мақсатында апробациялау оқу жылының соңына дейін жалғасады.
Жаңалықтар
0