https://sputnik.kz/20241113/nato-bas-khatshysy-odaqtastaryn-ukrainaga-komektesudi-zhalgastyruga-shaqyrdy-48493781.html
НАТО бас хатшысы одақтастарын Украинаға көмектесуді жалғастыруға шақырды
НАТО бас хатшысы одақтастарын Украинаға көмектесуді жалғастыруға шақырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. НАТО бас хатшысы Марк Рютте Брюссельде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесуінде одақтастар Украинаға қолдау көрсетуді... 13.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-13T17:30+0500
2024-11-13T17:30+0500
2024-11-13T17:30+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
нато
украина
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18382920_0:370:2932:2019_1920x0_80_0_0_53ce4aa86832845490bc48026253088d.jpg
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. НАТО бас хатшысы Марк Рютте Брюссельде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесуінде одақтастар Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыруы керек деді, деп хабарлады РИА Новости."Украинаның соғысу қабілетін сақтап қалуы үшін біз көбірек әрекет етуіміз керек", - деді ол.Рюттенің айтуынша, Киевтің міндеті - ресейлік күштерді мүмкіндігінше артқа шегіндіру.Ресей президенті Владимир Путин арнайы әскери операция өз мақсатына жеткенде ғана бейбітшілік орнайтынын айтты. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ Украинаның Ресей Федерациясымен қарулы қақтығысты жеңе алмайтынын біледі деп мәлімдеді.Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Батыс қанша қару-жарақ пен әскери көмек берсе де, Украина қақтығыста Ресейді жеңе алмайды, сондықтан қақтығысты дипломатиялық жолмен шешу керек, деп мәлімдеген.Бір күн бұрын Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесуінде НАТО бас хатшысы Еуроодақ пен АҚШ бірге Киевке "қақтығыс бағытын өзгерту" үшін көмекті арттыруы керек деді.Өз кезегінде, жуырда Киев пен Варшавада болған еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррелль Еуропалық Одақ Украинаға "кез келген жағдайда" көмектесуді жалғастыруы бойынша түбегейлі шешім қабылдауы керек деді. Боррелль бұл мәселені 18-19 қарашада өтетін ЕО сыртқы істер министрлері мен қорғаныс министрлерінің кездесуінде талқылауға шығаруды көздеп отыр.
https://sputnik.kz/20241028/nato-men-eo-ukrainany-qabyldauy-kerek--finlyandiya-prezidenti-48123608.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18382920_102:0:2831:2047_1920x0_80_0_0_d1f3ecacca0c1b5c4db90106b0d38aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нато, украина
НАТО бас хатшысы одақтастарын Украинаға көмектесуді жалғастыруға шақырды
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. НАТО бас хатшысы Марк Рютте Брюссельде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесуінде одақтастар Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыруы керек деді, деп хабарлады РИА Новости.
"Украинаның соғысу қабілетін сақтап қалуы үшін біз көбірек әрекет етуіміз керек", - деді ол.
Рюттенің айтуынша, Киевтің міндеті - ресейлік күштерді мүмкіндігінше артқа шегіндіру.
Ресей президенті Владимир Путин арнайы әскери операция өз мақсатына жеткенде ғана бейбітшілік орнайтынын айтты. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ Украинаның Ресей Федерациясымен қарулы қақтығысты жеңе алмайтынын біледі деп мәлімдеді.
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Батыс қанша қару-жарақ пен әскери көмек берсе де, Украина қақтығыста Ресейді жеңе алмайды, сондықтан қақтығысты дипломатиялық жолмен шешу керек, деп мәлімдеген.
Бір күн бұрын Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесуінде НАТО бас хатшысы Еуроодақ пен АҚШ бірге Киевке "қақтығыс бағытын өзгерту" үшін көмекті арттыруы керек деді.
Өз кезегінде, жуырда Киев пен Варшавада болған еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррелль Еуропалық Одақ Украинаға "кез келген жағдайда" көмектесуді жалғастыруы бойынша түбегейлі шешім қабылдауы керек деді. Боррелль бұл мәселені 18-19 қарашада өтетін ЕО сыртқы істер министрлері мен қорғаныс министрлерінің кездесуінде талқылауға шығаруды көздеп отыр.