https://sputnik.kz/20241113/keleshek-zhuyesi-balalardyn-oquyna-zhinalgan-aqsha-qunsyzdanyp-ketpey-me-48483536.html
"Келешек" жүйесі: балалардың оқуына жиналған ақша құнсызданып кетпей ме?
"Келешек" жүйесі: балалардың оқуына жиналған ақша құнсызданып кетпей ме?
Sputnik Қазақстан
Жүйеге қатысушыларға банк сыйақысынан бөлек мемлекет тарапынан қосымша 5-7 пайыз сыйақы беріліп отырады 13.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-13T11:21+0500
2024-11-13T11:21+0500
2024-11-13T11:21+0500
банк
сыйақы
https://sputnik.kz/img/615/84/6158424_0:117:2017:1251_1920x0_80_0_0_7dd0d089e81d37d5046287d550b03501.jpg
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі "Келешек" жинақтау жүйесінде жиналған ақша инфляциядан қалай қорғалатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Келешек" жинақтау жүйесінің тиімділігіне қатысты маңызды мәселені көтерді. Бала мектепті бітіргенше жоғары білімге жинаған ақшасы құнсызданып қалуы мүмкін. Ал ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұловтың айтуынша, үкімет бұл мәселені бақылауда ұстайды. Оған қоса, екі жақтан сыйақы төленеді."Біріншіден, ұлттық банктің төмендетілген базалық мөлшерлемесінен түсірмеу, яғни 200-300 базистік тармақтан төмендетпеу керек. Екінші тетігіне сәйкес, банк сыйақысынан бөлек мемлекет тарапынан қосымша 5-7 пайыз сыйақы беріліп отырады. 5 процент барлығына бірдей аударылса, 7 процентік сыйақы әлеуметтік осал топтарға арналған",-дейді Ешенқұлов.Айта кетері, бүгін мәжіліс депутаттары "Келешек" жүйесіне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/615/84/6158424_96:0:1919:1367_1920x0_80_0_0_9fac3da44ed82cabf2a3308c8237701b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банк, сыйақы
"Келешек" жүйесі: балалардың оқуына жиналған ақша құнсызданып кетпей ме?
Жүйеге қатысушыларға банк сыйақысынан бөлек мемлекет тарапынан қосымша 5-7 пайыз сыйақы беріліп отырады
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі "Келешек" жинақтау жүйесінде жиналған ақша инфляциядан қалай қорғалатынын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Келешек" жинақтау жүйесінің тиімділігіне қатысты маңызды мәселені көтерді. Бала мектепті бітіргенше жоғары білімге жинаған ақшасы құнсызданып қалуы мүмкін. Ал ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұловтың айтуынша, үкімет бұл мәселені бақылауда ұстайды. Оған қоса, екі жақтан сыйақы төленеді.
"Біріншіден, ұлттық банктің төмендетілген базалық мөлшерлемесінен түсірмеу, яғни 200-300 базистік тармақтан төмендетпеу керек. Екінші тетігіне сәйкес, банк сыйақысынан бөлек мемлекет тарапынан қосымша 5-7 пайыз сыйақы беріліп отырады. 5 процент барлығына бірдей аударылса, 7 процентік сыйақы әлеуметтік осал топтарға арналған",-дейді Ешенқұлов.
Айта кетері, бүгін мәжіліс депутаттары "Келешек" жүйесіне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.