ҰҚК Алматыда және екі облыста күдіктілерді ұстады

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивное фото человека в клетке для подсудимых
Архивное фото человека в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2024
Жазылу
Сондай-ақ 17 адамға ешқайда кетпеу туралы қолхат беру түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті діни-экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен 5 қазақстандық азаматты ұстады.
Операция 7 қарашасында Алматыда, Алматы және Ұлытау облыстарында жүргізілді.
Бұдан бөлек, тыйым салынған ұйымның әрекетіне қатысу белгілері бойынша 17 адамға ешқайда кетпеу туралы қолхат беру түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған.
"Фигуранттардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды", - деп жазылған ҰҚК хабарламасында.
Аталған адамдардың төртеуі бұрын экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған, ал тоғызына тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысуға болмайтыны туралы ресми ескерту берілген.
Қылмыстық кодекстің 405-бабы 1 және 2-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Жаңалықтар
0