Астанада Иран, Ресей мен Түркияның бірлескен мәлімдемесі жарияланды

© Арман Аскаров22-й раунд переговоров по Сирии
22-й раунд переговоров по Сирии - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Астанада Сирия мәселесі бойынша өткен кезекті халықаралық кездесудің қорытындысы бойынша Иран, Ресей мен Түркияның бірлескен мәлімдемесі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Астанада екі күндік келіссөздер барысында тараптар Сирия айналасындағы өңірлік ахуалды жан-жақты реттеу, соның ішінде тұтқындарды босату және жоғалғандарды іздеу, сондай-ақ Сириядағы гуманитарлық жағдай және қақтығыстан кейінгі қалпына келтіруге жәрдемдесу және сириялық босқындардың отанына оралуына жағдай жасау мақсатында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру мәселесін талқылады.
Иран, Ресей мен Түркия өкілдері Израильдің Газа мен Ливанға жасаған шабуылдарын айыптап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін оқ атуды тоқтатуға және Газаға кедергісіз гуманитарлық дәлізді қамтамасыз етуге үндеді. Себебі Таяу Шығыстағы жағдай Сирия Араб Республикасындағы жағдайды ушықтырып жіберуі әбден мүмкін. Қазірдің өзінде осы елге Ливаннан мыңдаған босқын ағыла бастады.
Бірлескен мәлімдемедегі негізгі мәселелер:
Сириядағы Голан биіктігін басып алуға қарсы БҰҰ резолюциясын құрметтеу және Израильдің қадамдарын заңсыз деп тану;
Сирия Араб Республикасының аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін қолдау;
Түркция мен Сирия арасындағы қарым-қатынастарды қалпына келтіру;
террористік топтардың әрекетін, соның ішінде Анкарадағы TUSAŞ ғимаратына жасалған шабуылды айыптау;
Идлиб аймағында жағдайды бірлесіп жақсарту;
Сирияның солтүстік-шығысында өзін-өзі басқаруға қатысты заңсыз бастамаларды қабылдамау;
Сирияға қатысты біржақты санкцияларды алып тастау;
барлық босқынға өз үйлеріне қайтып келуге жағдай жасау;
Сондай-ақ, тараптар Сирия мәселесі бойынша келесі халықаралық кездесуді Астанада 2025 жылдың бірінші жартысында өткізуге келісті.
Айта кетері, кепілгер елдердің атынан Ресей делегациясын Сириядағы жағдайды реттеу бойынша РФ президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясын ТР СІМ-нің екіжақты саяси қатынастар жөніндегі бас директоры Мустафа Юрдакул, ал Иран делегациясын ИИР СІМ-нің арнайы саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Али Асгар Хаджи бастап келді.
Ал Иордания, Ливан және Ирак өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар – Біріккен Ұлттар Ұйымы, БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы және Қызыл Крест өкілдері бақылаушы ретінде қатысты.
Вид на Дамаск с горы Кассион - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2024
Астанада Сирия мәселесі талқыланып жатыр – негізгі қауіп-қатерлер қандай
Жаңалықтар
0