Air Astana Қызылордадағы жаңа терминалдан ұша бастады

© Photo : Официальный телеграм-канал Air AstanaСамолет Air Astana
Самолет Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Air Astana 2024 жылдың 12 қарашасынан бастап Қызылорда әуежайының жаңа терминалында жолаушыларға қызмет көрсету басталғаны туралы хабарлады.
Жаңа терминалдан алғашқы рейс Air Astana ұшағымен Қызылорда-Алматы бағыты бойынша орындалады.
Жаңа 7500 шаршы метрлік терминал жолаушыларға ыңғайлылық пен жайлылық үшін заманауи технологиялармен жабдықталған: тексеру кезінде ұшаққа отыру талонын анықтаудың автоматтандырылған жүйесі қолданылады, багажды берудің жүйесі жетілдірілген, ұшаққа отыруға арналған үш есік орнатылды, оның екеуі телескопиялық траптармен жабдықталған. Жаңа терминалдың пайдалануға берілуімен әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 250 жолаушыға дейін өсті.
Қызылорда әуежайындағы жаңа Air Astana жолаушыларын тіркеу үшін төрт және еншілес FlyArystan әуе компаниясының жолаушыларын тіркеу үшін екі тіркеу орны бар.
Екі әуе компаниясы да Қызылордадан Алматыға тұрақты тікелей рейстерді жүзеге асырады, сонымен қатар FlyArystan лоукостері Астанаға да қатынайды. Рейстер Қазақстан ішінде және шетелде саяхаттауға ыңғайлы уақыт үйлесімін қамтамасыз етеді.
Airbus 321LR авиакомпании Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2022
Рейстерді кешіктіргені үшін "Эйр Астана" компаниясына айыппұл салынды
Жаңалықтар
0