https://sputnik.kz/20241111/qazaqstan-qytayga-may-onimderin-eksporttau-boyynsha-rekord-zhanartudy-kozdep-otyr-48425948.html
Қазақстан Қытайға май өнімдерін экспорттау бойынша рекорд жаңартуды көздеп отыр
Қазақстан Қытайға май өнімдерін экспорттау бойынша рекорд жаңартуды көздеп отыр
Sputnik Қазақстан
Жасымық экспорты 7 есеге артып, 80 мың тоннаға жетті, басым бөлігі Еуропа елдеріне жіберілді 11.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-11T09:27+0500
2024-11-11T09:27+0500
2024-11-11T09:35+0500
экспорт
https://sputnik.kz/img/old/816/14/8161410_0:320:3072:2048_1920x0_80_0_0_413e7b55368c9a91fad905fd133e287c.jpg
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Үкімет елімізде жыл басынан бері астық экспорты, атап айтқанда, арпа, жасымық және жүгері тасымалы бірнеше есеге артқанын хабарлады.Қазақстандық арпаны Иран соңғы екі айда сегіз есе өсіммен қайта импорттай бастаған. 10 айда арпа экспорттық тасымалы 710 мың тоннаны құрап, 69%-ға өсті.Жүгері дәнінің экспорты биыл 1,5 есе өсіп, 117 мың тоннаны құрады. Тәжікстанға тасымалдау 38%-ға, Өзбекстанға тасымалдау 3 еседен астамға өсті. Сондай-ақ биыл Иранға жүгері дәні тасымалдана бастады.Үкімет ҚТЖ баспасөз қызметінің дерегіне сүйеніп, жасымық экспорты 7 есеге артып, 80 мың тоннаға жеткенін басым бөлігі Еуропа елдеріне жіберілгенін хабарлады.Сонымен қатар 2024–2025 маркетинг жылында Қазақстан Қытайға май өнімдерін экспорттау бойынша рекорд жаңартып, $250 млн көрсеткішіне жеткізуді көздеп отыр.Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының басқарма төрағасы Ядыкар Ибрагимовтің айтуынша, экспорттың өсуіне ықпал ететін факторлардың бірі – Қазақстанда өндірілген ақуызы жоғары жемшөптер үшін Қытай нарығының ашылуы болды, ол үшін қытайлық сатып алушылар жоғары баға ұсынып отыр.Қазақстанның май зауыттары Шанхайда өткен Қытай халықаралық импорт көрмесінде $56 млн-ға келісімшартқа отырды.Ядыкар Ибрагимовтің айтуынша, Шанхайда биыл қазақстандық 12 май зауыты май өнімдерін ұсынады.Май өңдеушілер екі жыл ішінде Қытайға өсімдік майы мен мал азығы экспортын $300 млн деңгейінде жеткізуді жоспарлап отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/816/14/8161410_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_86560f043583c0c852d916099fa00e0e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экспорт
Қазақстан Қытайға май өнімдерін экспорттау бойынша рекорд жаңартуды көздеп отыр
09:27 11.11.2024 (жаңартылды: 09:35 11.11.2024) Жасымық экспорты 7 есеге артып, 80 мың тоннаға жетті, басым бөлігі Еуропа елдеріне жіберілді
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Үкімет елімізде жыл басынан бері астық экспорты, атап айтқанда, арпа, жасымық және жүгері тасымалы бірнеше есеге артқанын хабарлады.
Қазақстандық арпаны Иран соңғы екі айда сегіз есе өсіммен қайта импорттай бастаған. 10 айда арпа экспорттық тасымалы 710 мың тоннаны құрап, 69%-ға өсті.
Жүгері дәнінің экспорты биыл 1,5 есе өсіп, 117 мың тоннаны құрады. Тәжікстанға тасымалдау 38%-ға, Өзбекстанға тасымалдау 3 еседен астамға өсті. Сондай-ақ биыл Иранға жүгері дәні тасымалдана бастады.
Үкімет ҚТЖ баспасөз қызметінің дерегіне сүйеніп, жасымық экспорты 7 есеге артып, 80 мың тоннаға жеткенін басым бөлігі Еуропа елдеріне жіберілгенін хабарлады.
"ҚТЖ мәліметінше, бұршақ тасымалы үш есеге артты. Қазақстаннан Ауғанстанға импорт көлемі екі есе, Өзбекстанға үш есе өсті. Сондай-ақ күріш өндірушілер Әзербайжан мен Беларусь жаңа нарықтарын игеру арқылы экспортты 47%-ға (52 мың тонна) арттырды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар 2024–2025 маркетинг жылында Қазақстан Қытайға май өнімдерін экспорттау бойынша рекорд жаңартып, $250 млн көрсеткішіне жеткізуді көздеп отыр.
Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының басқарма төрағасы Ядыкар Ибрагимовтің айтуынша, экспорттың өсуіне ықпал ететін факторлардың бірі – Қазақстанда өндірілген ақуызы жоғары жемшөптер үшін Қытай нарығының ашылуы болды, ол үшін қытайлық сатып алушылар жоғары баға ұсынып отыр.
Қазақстанның май зауыттары Шанхайда өткен Қытай халықаралық импорт көрмесінде $56 млн-ға келісімшартқа отырды.
Ядыкар Ибрагимовтің айтуынша, Шанхайда биыл қазақстандық 12 май зауыты май өнімдерін ұсынады.
Май өңдеушілер екі жыл ішінде Қытайға өсімдік майы мен мал азығы экспортын $300 млн деңгейінде жеткізуді жоспарлап отыр.