Қабырғаны бұзып кірген: Павлодарда банк тоналды

© Sputnik / Владислав ВодневHalyk Bank в Нур-Султане
Halyk Bank в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Павлодар қаласында бес қабаттың үйде орналасқан банк бөлімшесін тонап кетті. Қарақшылар жертөледен қабырғаны бұзып кірген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде полиция ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуге кірісті. бастады. Банк бөлімшесін тонап кеткен адамдарды іздестіру шаралары басталды.
"11 қарашада сағат 9.30-да полицияға банктердің бірінің филиалында қабырғаның бұзылғаны анықталды деген қоңырау түсті. Оқиға орнына Полиция департаментінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы келді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда", - делінген облыстық полиция департаментінің ресми хабарламасында.
Қарақшылар Halyk бакінің бөлімшесіне жертөле арқылы кірген.
Банктің баспасөз ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға бүгін түнде Естай көшесіндегі бөлімшеде болған. Қазіргі кезде оқиға орнында шұғыл тергеу тобы жүр. Ал филиал қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауға көмектесіп жатыр.
Колючая проволока - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2024
Мешітте ұрлық жасаған жігіт төрт жылға сотталды
Жаңалықтар
0