https://sputnik.kz/20241111/bukmekerlik-kenseler-zharnamasyna-qatysty-zhana-shekteuler-engizildi-48445977.html
Букмекерлік кеңселер жарнамасына қатысты жаңа шектеулер енгізілді
Букмекерлік кеңселер жарнамасына қатысты жаңа шектеулер енгізілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қараша - Sputnik. Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар жарнамасына жаңа шектеулер мен айыппұлдар күшіне енді. Бұл туралы Туризм және... 11.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-11T21:30+0500
2024-11-11T21:30+0500
2024-11-11T21:30+0500
букмекерлік кеңсе
жарнама
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1c/43256606_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_3b98e04297efbdb246d56c72ed818df0.jpg
АСТАНА, 11 қараша - Sputnik. Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар жарнамасына жаңа шектеулер мен айыппұлдар күшіне енді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.Министрліктің ақпаратынша, букмекерлік кеңселерді немесе тотализаторларды жарнамалау туралы заңнама талаптарын сақтамау әкімшілік айыппұлдарға әкеледі.Бірінші рет ереже бұзғаны үшін: Жеке тұлғалар – 60 АЕК, лауазымды тұлғалар – 80 АЕК, шағын кәсіпкерлік және КЕҰ субъектілері – 120 АЕК, орта бизнес субъектілері – 170 АЕК, ірі бизнес – 400 АЕК. Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда: Жеке тұлғалар – 170 АЕК, лауазымды тұлғалар – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік және КЕҰ субъектілері – 250 АЕК, орта бизнес субъектілері – 350 АЕК және ірі бизнес – 650 АЕК. Заңнама нормаларын бұзғаны үшін жарнама беруші, жарнаманы шығарушы және жарнаманы таратушы жауапты болады.
https://sputnik.kz/20241010/qazaqstanda-165-mynga-zhuyq-adam-ozin-qumar-oyyndardan-shektegen-47719447.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1c/43256606_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_a8f0a06756fc9a6321340f972ce56b90.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
букмекерлік кеңсе, жарнама
букмекерлік кеңсе, жарнама
Букмекерлік кеңселер жарнамасына қатысты жаңа шектеулер енгізілді
АСТАНА, 11 қараша - Sputnik. Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар жарнамасына жаңа шектеулер мен айыппұлдар күшіне енді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
"Көшелерде, ғимараттардың қасбеттерінде, көлік құралдарында және сыртқы құрылымдарда жарнамаға толық тыйым салынған. Бұл ереженің букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың орналасқан жерлеріне, спорт ғимараттарының ішіне және спортшылардың киімдеріне қатысы жоқ. Букмекерлік кеңселердің логотиптері мен сауда белгілерін басқа бизнес салаларының жарнамасында қолдануға болмайды", - делінген министрлік хабарламасында.
Министрліктің ақпаратынша, букмекерлік кеңселерді немесе тотализаторларды жарнамалау туралы заңнама талаптарын сақтамау әкімшілік айыппұлдарға әкеледі.
Бірінші рет ереже бұзғаны үшін: Жеке тұлғалар – 60 АЕК, лауазымды тұлғалар – 80 АЕК, шағын кәсіпкерлік және КЕҰ субъектілері – 120 АЕК, орта бизнес субъектілері – 170 АЕК, ірі бизнес – 400 АЕК. Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда: Жеке тұлғалар – 170 АЕК, лауазымды тұлғалар – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік және КЕҰ субъектілері – 250 АЕК, орта бизнес субъектілері – 350 АЕК және ірі бизнес – 650 АЕК. Заңнама нормаларын бұзғаны үшін жарнама беруші, жарнаманы шығарушы және жарнаманы таратушы жауапты болады.