Астанадағы Сирия келіссөздеріне кімдер келді

© Sputnik / Санат ИмангалиевПленарное заседание 20-го раунда переговоров в Астанинском формате по Сирии
Пленарное заседание 20-го раунда переговоров в Астанинском формате по Сирии  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Астанаға Сирия мәселесі бойынша халықаралық келіссөздердің 22-ші раундына 11 елдің делегациясы келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, келіссөздерге Сирия үкіметі атынан сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрдің орынбасары Айман Раад, Сирия оппозициясы тарпынан Ахмад Тома қатысып жатыр.
"Сонымен қатар кездесуге кепілгер елдердің делегациялары қатысуда: Ресей делегациясын Сириядағы жағдайды реттеу бойынша РФ Президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясын ТР СІМ-нің Екіжақты саяси қатынастар жөніндегі бас директоры Мустафа Юрдакул, ал Иран делегациясын ИИР СІМ-нің Арнайы саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Али Асгар Хаджи басқаруда", - делінген ресми хабарламада.
Иордания, Ливан және Ирак өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар – Біріккен Ұлттар Ұйымы, БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы және Қызыл Крест өкілдері бақылаушы ретінде келді.
Айта кетері, 11-12 қараша күндері Астанада Сирия мәселесі бойынша халықаралық келіссөздердің 22-ші раунды өтеді. Соның аясында делегациялардың екіжақты және үшжақты консультациялары, ал олардың қорытындысы бойынша делегация басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс пен баспасөз конференциясы ұйымдастырылады.
Вид на Дамаск с горы Кассион - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2024
Астанада Сирия мәселесі талқыланып жатыр – негізгі қауіп-қатерлер қандай
Жаңалықтар
0