Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Польша премьері Украинадағы соғысты тоқтату мерзімі туралы мәлімдеме жасады

© AP Photo / Efrem LukatskyФлаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом "Родина-мать" в Киеве
Флаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом Родина-мать в Киеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Украинадағы соғыс қимылдарының аяқталу күнін Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріскеннен кейін тез арада анықтауға болады. Бұл туралы Польша премьер-министрі Дональд Туск баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Риа Новости.
"Жақында ол (Дональд Трамп – ред.) қызметіне кіріседі. Сол кезде біз соғысты тоқтату туралы ұсынысты күте аламыз", - деді ол.
Саясаткердің айтуынша, бұл жоспарды жүзеге асыру АҚШ-тың Еуропа алдындағы міндеттемелерін қысқартуды көздейді.
Сайлау науқаны кезінде Трамп сайлауда жеңіске жеткен жағдайда, Украинадағы қақтығысты бір күнде тоқтататынын бірнеше рет айтқан еді.
АҚШ-та президент сайлауы 5 қарашада өтті. Сайлауда республикашыл кандидат Трамп жеңіске жетіп, төрт жылдық үзілістен кейін Ақ үйге қайта оралды.
Жаңалықтар
0